ШҰҒЫЛ! Қ.ТОҚАЕВ РЕСМИ ТҮРДЕ ҚЫЗМЕТІНЕ КІРІСТІ Толығырақ

БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН 714 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫ

15:15, 29 желтоқсан 2018

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында осы уақытқа дейін 714 жоба қаржыланды. Бүгінгі күні «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қаражаты 400 млн.теңгеден асты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды.

2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру барысында Павлодар облысында 2018 жылы 426,9 млн теңгеге қолдау көрсетілген. Бұл ретте Қор несие бойынша 85% - ға дейін кепілдік беруге дайын. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен барфинг барысында мәлім болды. Сонымен қатар Рустам Қасымов "БЖК-2020" бағдарламасының артықшылықтары туралы да еске салды.

РУСТАМ ҚАСЫМОВ, «ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ» АҚ-НЫҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША АЙМАҚТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Сыйақы ставкасын субсидиялаудың арқасында кәсіпкерлерде бүгінгі күні жылдық 7,125% ставка бойынша қарыз алу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ осы бағдарлама бойынша Қордың кепілдіктері қарастырылған.  Кепілдік қамтамасыз ету жеткіліксіз болған кезде пайдаланылады. 

«БЖК-2020»  бағдарламасын жүзеге асырудан бастап Ертіс өңірінде қаржыландыру арқылы 14 млрд 349 млн теңге сомаға 714 жоба қолдау тапты. Бағдарламаның бюджеті бүгінгі күні 426 млн теңгені құрайды. Қаражат АТФ Банк, Сбербанк, Халық банкі және Центр Кредит Банкі арасында бөлінген.

 

Марина САХАРОВА, Ринат АБДУЛКАЮМОВ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар