ШҰҒЫЛ! АЛТЫ ЖАСТАН МЕКТЕПКЕ БАРУ МІНДЕТТЕЛЕДІ Толығырақ

БЕС ЖАҢА ЖОБАНЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖОСПАРЛАНУДА

15:09, 29 желтоқсан 2018

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Павлодардың арнайы экономикалық аймағы жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Биылғы жылы инвестиция көлемі 50-65 миллиард теңгеге дейін ұлғайды. Сонымен қатар, инфрақұрылым бөлігі бойынша үш жаңа нысан іске қосылды.

Павлодар арнайы экономикалық аймағы биыл үш бағыт бойынша жұмыс істеді. Бұл маркетинг, инвестиция тарту, сондай-ақ инфрақұрылым. Биылғы жылдың негізгі көрсеткіштер екі еседен артық өскендігі туралы Павлодар арнайы  экономикалық аймақтың  басқарма төрағасы Айбек Тұрсынғалиев хабарлады. Құрылымды жұмыс инфрақұрылым бөлігіне еніп, биылғы жылы үш жаңа жоба іске қосылды.


АЙБЕК  ТҰРСЫНҒАЛИЕВ  «ПАВЛОДАР» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ  

Жылдың басынан үш жобаны ске қосу керек болған. Сол үш жобаны іске қостық. 

"Мұнай аквахима" өкілдері бүгінгі күні аталған  жобалар дұрыс бағытта жұмыс атқарылды деп санайды. Жер учаскесі үшін жалдау ақысын өндіріп алу бойынша сот ісі жүргізілуде. Іс Жоғарғы Сотта. 2019 жылдан бастап темір жол мен мұнай құбырын жобалау басталады.

БОЛАТ БАҚАУОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Министрлер деңгейінде жиналыс өткізейік. Мұнай құбырына қатысты жобаны жіті бақылауымызға алу керек. Жеке компаниялардың талаптарын біліп көрейік

Келер жылға жоспарланған жобалар көп. Басқарма төрағасы кәсіпкерлерге қажет болатын дайын өндірістік нысан салуды ұсынды. Бүгінгі таңда жобаның үлгісі жасалуда. Ғимарат көлемі шамамен 2 мың шаршы метрді құрамақ. Облыс әкімінің айтуынша осындай кездесулерді жиі өткізіп, мейлінше көбірек жобалар ойластыру қажет. Себебі арнайы экономикалық аймақта қолданылмай келе жатқан аумақтар әлі көп. Атап айтсақ, 1200 гектар пайдалы алаңның 450 гектарында ғана инфрақұрылымдық нысандар жұмыс істеуде. 60-70% жер үлесі бос жатыр. Мамандардың пікіріне сүйенер болсақ бос орындарға 25 жобаны жүзеге асыруға болады.

 

Бақытнұр Шерікбай, Сабина РАХЫМБАЙ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАРДА ГАЗГОЛЬДЕР ОРНЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК  ПАВИЛЬОНДАРЫ АШЫЛДЫ
14:48, 11 ақпан 2019
ПАВЛОДАРДА ГАЗГОЛЬДЕР ОРНЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ПАВИЛЬОНДАРЫ АШЫЛД...
Толығырақ...
ДИҚАНДАР КӨКТЕМДЕ АЛҒАН ТҰҚЫМНЫҢ ӨТЕМІН КҮЗДЕ ҚАЙТАРА АЛАДЫ
14:49, 1 ақпан 2019
ДИҚАНДАР КӨКТЕМДЕ АЛҒАН ТҰҚЫМНЫҢ ӨТЕМІН КҮЗДЕ ҚАЙТАРА АЛАДЫ
Толығырақ...
БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН 714 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫ
15:15, 29 желтоқсан 2018
БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ОСЫ УАҚЫТҚА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

1-СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАР  6-ЖАСТАН ҚАБЫЛДАНАДЫ
19:16, 15 ақпан 2019
1-СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАР 6-ЖАСТАН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
БІРҚАТАР ӨҢІРДІҢ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА БАСШЫЛАРЫ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МҰҚТАЖ АЗАМАТТАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН ҚОСЫМША ҚАРЖЫ ТАПТЫ
18:37, 15 ақпан 2019
БІРҚАТАР ӨҢІРДІҢ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА БАСШЫЛАР...
Толығырақ...