ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА

19:17, 2 шілде 2019

Ішкі нарықта азық-түлік бағасының негізсіз қымбаттауына жол бермес үшін күн сайын мониторинг жасалынады. Соңғы кездері бірқатар әлеуметтік тауарлар құны біршама төмендеген. Бүгін әлеуметтік дүкендердегі азық-түлік бағалары назарға алынды.

Ертіс өңірінде әлеуметтік маңыздағы азық-түлік еліміз бойынша арзандады. Ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы да түскен. Себебі қазір көкөніс пен бақша өнімдері мол. Сондай-ақ еліміз бойынша өңірде сиыр еті, күнбағыс майы, жұмыртқа біршама арзандаған.  Ішкі нарықта қант, күріш тапшылығы жоқ.

Арман Асипов – Павлодар қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары:

Қаламыздың әлеуметтік дүкендерінде азық-түлік бағасы қалыпты. Халық үшін қолжетімді. Мысалы, қазір көкөністің бағалары да түсіп жатыр. Біз күнделікті мониторинг жасаймыз. Ай сайын басқа аймақтың орташа бағаларымен біз өңіріміздегі бағаларды салыстырамыз. Алдыңғы жылға қарағанда еш бағаның көтерілуі байқалмайды, керісінше төмендеді.

Бүгінде әкімдіктер тарапынан азық-түлік бағаларын тұрақтандыру бойынша түрлі іс-шаралар өткізілуде.

Арман Асипов – Павлодар қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары:

Біз әлеуметтік дүкендерден бөлек, үлкен супермаркеттерді де аралап, мониторинг жасаймыз. Шынымен де, бағалардың күрт өскені байқалады. Бірақ біз ескерту жасадық. Қазіргі уақытта бағалары қолжетімді.

Сауда-саттық барысында бағаларды негізсіз көтеру фактілерін анықтау жұмыстары жүргізілуде.  Мақсат - табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментімен бірлескен бақылау жұмыстарын күшейту.  Жергілікті өнімдердің бағасы тұрғындарға қолайлы бағамен саудалануда.

Аяулым РАХИМЖАНОВА.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...