ШҰҒЫЛ! ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРАТЫН ЖЕДЕЛ ШАРАЛАР Толығырақ

АУЫЗ СУ ТАЗАРТАТЫН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

19:11, 15 мамыр 2019

Павлодар арнайы экономикалық аймағында ауыз суды тазартатын зауыт салынады. Қазір болашақ кәсіпорынның орны тазартылып, қоршаулар тартылып жатыр. Бұл – алюминиидің пол оксидахлоридін шығаратын еліміздегі тұңғыш өндіріс болмақ. Аймақ басшысы алдағы уақытта салынатын кәсіпорынмен танысып қайтты.

Болашақ зауыт судың құрамындағы зиянды заттарды тазартумен айналысады. Бұл кәсіпорынның қажеттілігінен мемлекеттік гарндқа ұсынылып жеңіп алды. Биыл жазда құрылысы басталып, келер жылдың екінші тоқсанында іске қосуды жоспарлап отыр. Жылына 13 мың тонна ауыз су тазартатын қуаттылығы бар.    

Татьяна Бушина, кәсіпорынның атқарушы директоры:

Біздің жобамыздың ерекшелігі шикізаттар жергілікті жерден. Яғни Павлодардан. Бізге шикізатты негізінен жанымыздағы Каустик жеткізеді. Сондай-ақ, Қазақстанның алюминиі зауыты. Ал өнімдерімізді Қазақстанның барлық жеріндегі су арналарына өткіземіз.

Болашақ өндіріс Павлодар арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Аймақ басшысы Болат Бақауов, алдағы уақытта салынатын зауыттың орнымен танысты. Сонымен қатар әкім, экономикалық аймақта жаңадан бой көтергелі жатқан тағы төрт өндірістің бастапқы жұмыстарына қанық болды. Бұдан кейін өңірдегі инвесторлармен жиын өткізіп, оларды алаңдататын мәселелерге қанық болды.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:47, 18 шілде 2019
ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...