ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ КЕШЕНІН ДАМЫТУ

18:40, 12 шілде 2019

Өткен жылы Ертіс-Баян өңірінің ауылшаруашылық кешенінде жалпы сомасы 48 миллиард теңге болатын жобалар жүзеге асырылды. Ал, биылғы бес айда 9 миллиард теңгенің жобасы іске асты. Әкімдікте өткен кезекті аппарат жиналысында ауылшаруашылық кешеніндегі атқарылған жұмыстар талқыланды.

Ауылшаруашылық басқармасының мәліметінше, биылғы жылы ауылшаруашылық кешенін дамыту бойынша 78 жоба жүзеге асырылады. Әйтсе де, аймақ басшысы Болат Бақауовқа көптеген аудандардағы жұмыстар көңілінен шығар емес.  

«Сыбаға» бағдарламасының қашан орындалары да белгісіз. Жеті айдан астам уақыт өтсе де бағдарламаның жүзеге асар түрі байқалмайды. Жоспар бойынша 10 191 іріқара мал сатып алу керек болса, орындалғаны бар жоғы 1798 бас қана.

Нұрлан Сәдібеков, ауылшаруашылық басқармасының басшысы:

Қосымша 4000-нан аса несие мақұлданып берілді. Әкімдер, қазір сатып алатын мал іздеп жатырмыз дейді.

Павлодар облысының ветеринарлық ахуалы жақсы. Өңірге малдар жан жақтан жеткіңзіледі. Бұл жағын да ескеру керек, дейді әкім.

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі:

Ресейден, Германиядан және Чехиядан да ірі қара малдар жеткізіліп жатыр. Оларға бақылауда күшйту керек.

Аудан және қала әкімдері ауылшаруашылығын дамыту бойынша жобаларын таныстырып шыққанымен де көңілге қонымды жоба жоқтың қасы. Бірде бірі әкімнің қызығушылығын арттыра алмады.

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі:

Экспорт мәселесін көтеріп отырмыз. Осындай қайта өңдеу кәсіпорындарымен не жеткізе аламыз. Қой еті жоқ, құс етінде сырттан әкелеміз. Өзіміз тек қарақұмық пен ұн ғана экспорттаймыз.

Сүт өнімдері басымдық беру керек, дейді әкім. Осы бағытты дамытуға ауылшаруашылық министрлігі де үлкен қызығушылық танытып отыр. Сүт өндірісінің пайдасы да шаш етектен. Аймақ басшысы ауылшаруашылық кешенін дамытуға ай сайын сараптама жасап отыруды тапсырды.  

        

Есенбек САНАТҰЛЫ, Мурат АБИЛМАЖИТ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...