ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

АУЫЛДАҒЫ БИЗНЕС

18:33, 4 шілде 2019

Өңірімізде кәсіп ашамын деген адамдарға бар жағдай жасалған. Соның арқасында елді-мекендерде жаңадан коммерциялық жобалар ашылып жатыр. Мәселен, Тереңкөл ауылында Астана күніне орай екі бірдей бизнес ошағы ашылды. Ол құрылыс материалдары дүкені мен жаңа мейрамхана.

Мереке күні қарсаңында жергілікті кәсіпкерлер тұрғындар үшін тосын сый жасады. Бұл жерде «Стройрум» дүкені ашылды. Енді ауыл тұрғындары қажетті құрылыс материалдарын сатып алу үшін қалаға бармайтын болды.

Дмитрий Скубаков, кәсіпкер:

Бүгін біз жалпы 400 шаршы метрді құрайтын сауда үйін аштық. Екінші қабат толығымен тұсқағаздар, ал бірінші қабатта линолеум және оған қатысты материалдармен толықты. Тұсқағаздардың 500-ден астам түрі бар. Біз сұраныс пен ұсыныстарды тыңдап, осындай бағытты ашуды шештік.

Дмитрий үшін бұл бағыт таңсық емес. Құрылыс материалдарымен 2016 жылдан бастап айналысады. Барлық материалдар Қазақстаннан соның ішінде Алматыдан және көршілес Ресейден сатып алынады. Сондай-ақ, бұл күні ауылда жаңадан 50 орындық  «Жас Ай» мейрамханасының тұсауы да кесілді.

Гүлмира Молдагельдина, кәсіпкер:

Жас мамандардың дамуына барынша мүмкіндік беретін біздің мемлекетке алғыс білдіргім келеді. Мен «Бастау-бизнес» бағдарламасы бойынша оқып шықтым және бизнесті дамыту үшін жылдық үстемесі алты пайызмен алты миллионға дейін несие алдым. Сондай-ақ құрылысқа  16 млн-нан астам соманы ғимараттың өзін кепілге қойып алдым.  Бизнесіміздің жалпы сомасы 30 млн. астам теңгені құрайды.

Гүлмира 250 орындық банкет холлын салып, сондай ақ, жаңа бағыт - монша бизнесімен айналысуды жоспарлап отыр.

 

Марина САХАРОВА, Сабина РАХИМБАЙ.

Тақырып бойынша материалдар

ЕРТІС АУДАНЫ АСТЫҚ ЖИНАУДАН ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
19:37, 4 желтоқсан 2019
ЕРТІС АУДАНЫ АСТЫҚ ЖИНАУДАН ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
16:57, 29 қараша 2019
14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
Толығырақ...