ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА ЖОБАЛАР

19:11, 16 қазан 2019

Павлодар ауданында бірнеше ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Қазірдің өзінде олар аяқталуға жақын, биылғы жылы іске қосылады. Мал шаруашылығы саласы асыл тұқымды мал өсіру мен тәжірибе алмасуға бағытталған. Мемлекеттік қолдаудың арқасында, заманауи технологиялармен жабдықталған ауыл шаруашылығы кешендері салынуда.

Павлодар ауданында үш  тауарлы-сүт фермасы өз мүмкіндіктерін кеңейтуде. Мәселен, Ольгинка ауылындағы «Ертіс» шаруа қожалығында қараша айында - 400 бас сиырдан сүт алуға мүмкіндік беретін сүт сауу кешенін іске қосу жоспарланған. Ең алғаш болып Чехия елінен арнайы әкелінген 109 сиыр сауылады.

Людмила Старостина, «Ертіс» шаруа қожалығының мал өсіру маманы:

109 ұрғашы бұзауды сатып алдық. Осылайша, ісіміз кеңейеді. Жаңа кешен салып жатырмыз. Осы жаңа кешенде барлығы компьютердің көмегімен басқарылатын болады.

Жаңа тауарлы-сүт фермасы «Жаңа қала» шаруа қожалығында да пайда болады. Бұл жердегі малдың саны 600 басқа көбейеді. Құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.

Александр Кулибакин, құрылыс аумағаның жетекшісі:

Егерде пайыздық өлшеммен айтсам, қазіргі таңда нысанның 60 пайызы дайын. Бірақ біз ертерек бітіреміз деп ойлаймын. Қараша айының соңында жоба аяқталады.

Тағы бір жобаның құрылысы  Заря селолық округінде жүріп жатыр. Бұл жерде 200 бас қара малға арналған  мал жемдейтін алаң салынбақшы. Ал «Манас» шаруа қожалығының инвесторлары 26 гектар жерді жалға алыпты. Болашақта өзінің мал семіртетін үлкен қораны ашуды жоспарлап отыр. Аталмыш жобалардың барлығы ауыл шаруашылығы қожалықтарын дамыту мақсатында мемлекеттік қолдауға ие болды.

Хамза Оразбеков, қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы міндетін атқарушы:

«Жаңа қала» жауапкершлігі шектеулі серіктестігі «Ырыс» бағдарламасы бойынша неси алды. Құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, «Манас» шаруа қожалығы «Қарапайым заттар экономикасы» атты жаңа бағдарлама бойынша несие алып отыр. Ауыл шаруашылығы субсидия берді. Кәсіпкерге 5 пайыз қалады.

Осы жылдың аяғына дейін облысымызда 7 жаңа тауарлы-сүт фермасы іске қосылмақшы. Оның үшеуі Павлодар ауданында жұмыс істейтін болады.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА, Гулмира БАҚТИЯРОВА

Тақырып бойынша материалдар

ШАРБАҚТЫДА АТҚАРЫЛАР АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР
19:43, 25 желтоқсан 2019
ШАРБАҚТЫДА АТҚАРЫЛАР АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
19:51, 19 желтоқсан 2019
ПАВЛОДАРДА ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
10:17, 19 ақпан 2020
ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
Толығырақ...