ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

АУЫЛ КӘСІПКЕРЛЕРІН ҚОЛДАУ

18:53, 13 тамыз 2019

Павлодар ауданын тиімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 21 қатысушысы жалпы сомасы 70 млн. теңге несие алған. Табысты жандардың бірі – Луганск ауылындағы жас кәсіпкер. «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша оқудан өтіп, өз бизнесін дамыту үстінде.

29 жасар Вадим Годун Луганск ауылының тұрғыны. Көктем айында ол 40 орынды дәмхана ашқан. Бір кездері мұнда дәмхана болған, бірақ 12 жылдан бері бөлме бос тұрса керек. Ғимаратты өз қаражатына сатып алып, қалған қажетті заттарға мемлекеттік бағдарлама арқылы қол жеткізді. Жас кәсіпкер онсыз бизнесі іске аса қоймайтынына сенімді.

Вадим Годун, кәсіпкер:

 «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша оқып, дәмханаға қажетті жабдықтарға 6 млн теңге несие алдым. Шілде айынан бастап  біз мұнда жөндеу жұмыстарын жүргізе бастадық. Мен ғимаратты бір жарым миллионға алдым. Қалған қажетті заттарға 6 млн теңге кетті. Аппаратура, ас үй жабдықтары, плита барлығын алдым.

Оның дәмханасында 5 адам жұмыс атқарады. Олардың барлығы жергілікті тұрғындар. Орташа жалақы 80 мың теңге. «Еңбек» бағдарламасы бойынша кәсіпкер 6 жылға 5 пайызбен несие алған. Жас бизнесмендер жұмысының өркендеуі үшін бұл жақсы бастама деп санайды. Тек осы жылы Павлодар ауданында өз бизнесін ашуға 20-дан астам адам несие алған.

Қазбек Жомартов, Павлодар ауданының жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары:

Қазір «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бағытталып отыр. Қазіргі таңда бізде 56 адам білім алды. Оның ішінде тамыз айында біз жастарға арналған  200 АЕК көлемінде 35 грантты жоспарлап отырмыз. Бағдарламаға қатысушылар жұмыс орындарын құрып, жарты жыл ішінде олар кемінде бір жұмыс орнын ашуы керек.

Қазбек Жомартовтың айтуынша, аудан тұрғындары мал шаруашылығын дамытуға несие алса, кейбіреуі сұлулық салондарын ашу үшін несие алатын көрінеді.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ, Вероника ВИШНЕВСКАЯ

Тақырып бойынша материалдар

ЕРТІС АУДАНЫ АСТЫҚ ЖИНАУДАН ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
19:37, 4 желтоқсан 2019
ЕРТІС АУДАНЫ АСТЫҚ ЖИНАУДАН ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар