ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

АСТЫҚ ЖИНАУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛДЫ

18:50, 8 қазан 2019

Павлодар облысында 87,3 гектар алқаптардан 790 мың тонна өнім жиналды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,6 пайызға артық. Мұндай нәтіиже егін орағының қорытындысы бойынша белгілі болды. Астық жинау науқанының соңғы қазанның 5-і күні болатын. Алайда, өнім жинау жұмыстарын әлі де жүргізілуде. Сонымен қатар, аймағымызда картоп, көкөніс, бақша өнімдері толықтай жиналып, қоймаға жіберілді.

Павлодар облысында астық жинау науқыны аяқталды. Нақты деректерге сүйенсек, өнімділік көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда артқан. Мәселен, егін орағының нәтижесі бойынша,

Егін науқанының нәтижесі:

Дәнді-дақылдар -  786 мың га

Майлы дақылдар - 210 мың га

Жем-шөп – 75 мың га

Картоп – 18 мың га

Көкөністер – 6,5 мың га

Бақша өнімдері 3 мың га азық жиналған.

Павлодар облысындағы егін жинау алаңының жалпы көлемі – 1 миллион 100 мың гектарды құрайды. Өткен жылдың нәтижесімен салыстырғанда, бұл 90 мың гектарға көп. Қазақстандықтардың таңдауына ие болған павлодарлық картоптан да мол азық алынды. Күзгі бақшада 18 мың гектар алқаптан 542 мың тонна өнім жиналыпты. Осылайша,  павлодарлық диқандар үшін биылғы күз несібелі болды. Яғни, өнімділік дейгейі жылдан жылға жақсарып келеді.

Алмас Батанов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:

Жалпы түсім, 790 мың тоннадан тұрады. Орта есеппен 10,5 центрнер өнімділік көрсетті гектарынан. Сондай-ақ, ағымдағы жылы облыс бойынша, егін жинау алаңы  1 миллион 100 мың гектарды құрады. Бұл өткен жылдың деңгейінен 90 мың гектарға дейін немесе 8,6 пайызға дейін артық.

Жаздың құрғақшылығына қарамастан, егістіктер агротехнологиялардың көмегімен ылғалданырылып, уақытында суарылып отырды. Оның үстіне, тыңайтқыштардың көмегі жақсы өнім алуға септігін тигізді. Сонымен қатар, шөпті  әзірлеу жұмыстары да аяқталды. Оның жалпы көлемі – 1341 мың тоннаны құрайды. Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта малды қыстық азықпен қамтамасыз етуге жететін 1,5 жылдық азық жиналды. Егінді сақтайтын қамбалар да толығымен дайын.

Нұрлан Садыбеков, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

Бүкіл біздің  жинаған  урожайымыз элеваторға салып жатырмыз. Бізге элеватордың көлемі 330 мың тонна керек. Қазіргі таңда, 8 ғана процент салдық. Қазіргі продкорпарацияның бағасы 70 кейде 76 теңгеден 1 килограмын беріп жатыр.

Қазіргі уақытта астық жинау жұмыстары әлі де жалғасуда. Сонымен қатар, аймақ басшысының тапсырмасымен облысымыздағы суармалы алқаптарды ұлғайтуға бағытталған шаралар қолға алынуда. Келесі жылға дейн жер телімдерінің көлемін 100 мың гектарға дейін жеткізу көзделген. Мамандар, алдағы 4-5 күннің ішінде барлық егін жинау жұмыстары толығымен аяқталады дейді.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ШАРБАҚТЫДА АТҚАРЫЛАР АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР
19:43, 25 желтоқсан 2019
ШАРБАҚТЫДА АТҚАРЫЛАР АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
19:51, 19 желтоқсан 2019
ПАВЛОДАРДА ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...