ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚ ДАМУЫ

18:58, 25 желтоқсан 2019

«Павлодар» арнайы экономикалық аймағында қазіргі уақытта құны 200 миллиард теңге болатын 38 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның кейбіреуі биылғы жылы іске қосылмақ. Бірақ, олардың қатарында кестеден артта қалып қойғандары бар.

2020 жылы инвестициялық жобаның 7-уі қолданысқа берілуі тиіс. Алайда, олардың бірнешеуі кешеуілдеп тұр. Сол себепті, аймақ басшысы салынып жатқан нысандарды аралап көрді. Соның бірі – «Северхим» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Нариман Ахметжанов, «Северхим» ЖШС директоры:

Арнайы экономикалық аймақта жұмыс істеп жатқанымызға ек жыл болды. Осыған дейін жобаны рәсімдеумен айналыстық. Енді бақылаушы өлшеуіш құралдардың орнатылуын күтеміз. 

Кәсіпорын директоры аймақ басшысы Болат Бақауовқа - барлық жұмыстар қаңтар айының соңына дейін аяқталады деп уәде берді. Облыс әкімі өз кезегінде кәсіпорынның іске қосылуын қадағалайтынын айтты.

Назовите дату. –постараемся к 26-му справиться. -1 февраля приеду, посмотрим. Видно, что работы уже сделаны, завершение. Успехов, на площадке поговорим.

Ал, «Аскор»  кәсіпорны  - Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттікттен құны 478 миллион теңге болатын грантты ұтып алыпты. 50 пайыздық инвестиция беретін жоба -  7 жылдың ішінде келтірілген шығынды толтырады.

Татьяна Бушина, «Аскор» ЖШС директоры:

Қазіргі осы кезеңде жобаның іргетасы дайын. Келесі аптаның соңында монтаждауға кірісеміз. Құрылыс барынша қарқынды жүріп жатыр.

Мәселен, «Вектор-Павлодар» компаниясы жоспарланған кестеден артығымен жұмыс істеп жатыр. Мұнда металл қондырғыларын монтаждау жұмыстары аяқталуға жақын.

Прокопий Кутькин, «Вектор-Павлодар» ЖШС директоры:

Жұмыс жоспар бойынша, тіпті,  кестеден артық жүріп жатыр. Қаңтар айының соңында металл қаңқаларын орнату бойынша жұмыстар аяқталады. Ал жылдың ортасына дейін кәсіпорынды іске қосуды көздеп отырмыз.

Айта кетерлігі, 38 инвестициялық жобалардың 10-ы жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, 10 жобаның құрылысы жүріп жатса, 11-і пысықталуда. Тағы жетеуі 2020 жылы іске қосылады деген жоспар бар.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА, Сабина РАХИМБАЙ

 

Тақырып бойынша материалдар

ШАРБАҚТЫДА АТҚАРЫЛАР АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР
19:43, 25 желтоқсан 2019
ШАРБАҚТЫДА АТҚАРЫЛАР АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
19:51, 19 желтоқсан 2019
ПАВЛОДАРДА ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...