ШҰҒЫЛ! КУТУЗОВ КӨШЕСІ ТАРИХ ҚОЙНАУЫНА КЕТТІ Толығырақ

АҚСУДА 35 МИЛЛИОН ТОННА ФЕРРОҚОРЫТПА ӨНДІРІЛДІ

17:15, 16 сәуір 2018

Ақсулық металлургтер ферроқорытпа өндіруді 35 миллион тоннаға жеткізді. Ферроқорытпа зауытының іске қосылғанына биыл 50 жыл. Серпінді жобаларды жүзеге асырған кәсіпорын жетістіктері - Қазақстанда индустриясының қарыштап дамығанынның дәлелі. Өндірісті өңірдегі тілшіміз Болат Аманбаев 1800 градуста қорытылған қанатты металдың экспортқа жөнелтілген тарихи сәтіне куә болды.

БОЛАТ АМАНБАЕВ, тілші

Ферроқорытпаның 35 ші миллион тоннасы дәл осы жерде №2 ші цехта балқытылып жатыр. Бұл кездейсоқтық емес. Осыдан дәл 50 жыл бұрын кәсіпорынның алғашқы өнімі осы жерде, осы цехта өндірілген екен. Қазір отандық өнімді Жапония, Корея, Қытай және Еуропаның бірқатары елдері алады. Қазір бұл жерде температураның ыстықтығы 1800 градусқа дейін жетеді. Мұндай алапатта құрыш білекті, сом жүректі металлургтер ғана жұмыс істей алады.  

Сондықтан аса жауапты шараға озат бригада шығарылды.

ЭЛЬДАР ҚҰТАНОВ,  бригада жетекшісі

Металл балқыту оңай жұмыс емес. Бүгін біздің ардагер металлургтер келіп көрді, бізді сынады. Олар қолмен істеген жұмысты біз жаңа технологиямен істеп жатырмыз. Бұл металл елімізге пайда әкеледі. Біз соған қуаныштымыз.

Кәсіпорын жылына 1 млн тонна ферроқорытпа шығарады. Ал, осыдан 50 жыл бұрын ферросилиций, яғни, жартылай өңделген шикізат дайындалатын. Владимир Шушуев зауыт құрылысына қатысып, кейін 36 жыл темір қорытатын цехта жұмыс істеді.

ВЛАДИМИР ШУШУЕВ,  ардагер металлург

Біз барлық жұмысты қолмен атқардық. Өте ауыр болды. Механикаландыру ол кезде оте баяу жүргізілді. Бірақ бүкіл Одаққа мүше республикалар осы кәсіпорынның дамуына мүдделі болатын. Қазір біздің еліміз осындай сапалы өнімімен шетелге танылып отыр. Бұл Қазақстанның индустриясы дамыған мемлекет екендігінің дәлелі

Зауыт өнімінің 90 пайызы экспортталады. Қазір кәсіпорын қалдықсыз өнім шығаруға арналған жаңа технология бойынша жұмыс істеп жатыр. Бұл 50 жылға жетеді деп межелеген кен қорын үнемді пайдалануға мүмкіндік береді.

Болат АМАНБАЕВ 

Павлодар жаңалықтары, Павлодардағы оқиғалар, Павлодар қаласының соңғы жаңалықтары, Ақсуферро, зауыт, кәсіпорын, металлургия, 

Тақырып бойынша материалдар

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ҮНЕМДЕУ -   БАСТЫ ҚАЖЕТТІЛІК
16:27, 11 қыркүйек 2018
ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ҮНЕМДЕУ - БАСТЫ ҚАЖЕТТІЛІК
Толығырақ...
ИМПОРТ ПЕН ЭКСПОРТ КЕЗІНДЕ ЖАНУАРЛАРДАН АЛЫНАТЫН ӨНІМДЕРГЕ ВЕТИРИНАРЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУ
17:51, 6 қыркүйек 2018
ИМПОРТ ПЕН ЭКСПОРТ КЕЗІНДЕ ЖАНУАРЛАРДАН АЛЫНАТЫН ӨНІМДЕРГЕ В...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ XXV КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
19:46, 20 қыркүйек 2018
«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ XXV КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Толығырақ...
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА КӨЛІК ҚАТЫНАСЫН БАҚЫЛАЙТЫН ҮШ ЖАҢА МОБИЛЬДІ БЕКЕТ ПАЙДА БОЛДЫ
15:12, 19 қыркүйек 2018
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА КӨЛІК ҚАТЫНАСЫН БАҚЫЛАЙТЫН ҮШ ЖАҢА МОБИЛЬ...
Толығырақ...