ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

АҚҚУЛЫДАҒЫ АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР

10:39, 11 желтоқсан 2019

Аққулы ауданының тұрғындары 2020 жылы толықтай таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Биылғы көрсеткіш бұған дейінгі жылдармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі мәлімдеді.

Биыл Аққулы ауданында 3 орталықтандырылған ауыз су жүйесі іске қосылмақ. Бұған дейін  халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету 58% құраса, үш құбыр іске қосылғаннан кейін бұл көрсеткіш 74,6%-ға дейін артады. Сондай-ақ, Аққулы-Қазы-Майқарағай автожолының 30 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Абзал Балғабаев, Аққулы ауданының әкімі:

30 шақырым жерді жөңдейтін боламыз. Оған облыс тарапы мен республика тарапынан 1 млрд 96 млн теңге бөлінді. Жалпы халқымыз таза ауызсумен бүгінгі таңда 74% қамтылған.

Ауданды дамытудың басты көрсеткіші - негізгі капиталға салынған инвестициялар. Биылғы жылдың қаңтар-қазан айларындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 18 млннан артық теңгені құрайды. Ауданның 2 ауылында  мал шаруашылығы саласындағы ең ірі жобалар жүзеге асырылуда. «Бизнестің жол картасы - 2020» кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы аясында Тұзқала көлінде этноауыл жобасы іске қосылды.  Оған қоса, ауданда асыл тұқымды мал сатып алу мәселесі де қарастырылған. Бұл ретте, «Сыбаға», «Еңбек» бағдарламаларының әлеуеті зор. Ал, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстармен қатар, келер жылға жобалар әзір.

Абзал Балғабаев, Аққулы ауданының әкімі:

Қосымша 5 жоба іске асырылады.  Ауыл ішіндегі жолдарда жөңдеу жұмыстарына 152,3 млн теңге қаражат қарастырылған.

Ауданда 684 шағын және орта кәсіпкерлік тіркелген. Бүгінгі таңда олардың 650-і жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, жұмыссыздық көрсеткіші де біршама азайған. Осы жылы жұмыспен қамту орталығына келген 874 адамның 708-і еңбекпен қамтылды.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ШАРБАҚТЫДА АТҚАРЫЛАР АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР
19:43, 25 желтоқсан 2019
ШАРБАҚТЫДА АТҚАРЫЛАР АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
19:51, 19 желтоқсан 2019
ПАВЛОДАРДА ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...