ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

«АҚБҰЛАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ

15:51, 12 маусым 2019

Елімізде «Ақ Бұлақ» бағдарламасы аясында елді-мекендер таза ауыз сумен қамтамасыз етіліп жатыр. Аталмыш жоба аясындағы жұмыстар Май ауданында да қарқынды жүзеге асырылған. Жұмыскер ауылына су құбырларын тартуға облыстық және республикалық бюджеттен қомақты қаражат бөлініпті.

Жұмыскер ауылындағы су тарту жұмыстары сәуір айында басталған. Қазіргі таңда негізгі жұмыстың 80% -ы орындалды. Енді тек, 200 шаршы метр сыйымдылығы бар су сақтау резервуарларының құрылысы қалды. Ауыз су құбыры әр үйдің ауласына дейін жеткізілген. Бұған бюджеттен 167 млн 233 мың  теңге бөлінді.

Рашид Қасымжанов, Мердігер компания өкілі:

Шілде айында аяқтаймыз деп отырмыз. Бұл тек жоба ғана. Негізігі бізге қараша айына дейін уақыт берілген. Мына екі қазандықты бітірсек болғаны. Жұмыстың негізгі бөлігі атқарылып қойды.

Орталық магистральдан келген су осы резервуарда сақталады. Кейін жоғары мөлшердегі қысыммен су сорғыш арқылы үйді-үйге тарайды. Сапалы қызмет атқарып жатқан мердігер компания өкілі шілде айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. 

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...