ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

АЙМАҚТЫҢ ФЕРМЕРЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

19:15, 24 қазан 2019

Павлодар облысында тауарлы-сүт фермаларының қатарын арттыру керек. Несие алып, ауылда бизнесін дамыта алмай жүрген шаруалар бар. Сол себепті, облыстың фермерлерінің кезекті бас қосуы өтті. Қаржы институттарының өкілдері шаруаларға тиімді несиенің қыр-сырын түсіндірді. Фермалар желісін кеңейту «Қарапайым заттар экономикасы» және «Ырыс» атты мемлекеттік бағдарламалары арқылы жүзеге асырылмақ.

Тауарлы-сүт фермаларының қажеттігі – заман талабы. Өйткені, аймағымызда сүт өнімдерінің кейбір түрлері әлі де өндірілмейді. Атап айтсақ, сырдың қатты және кейбір жұмсақ түрлері өндірілмейді. Қыс мезгілінде сүттің көлемі азайған кезде, сүт зауыттары құрғақ сүтті қолданады екен. Оның үстіне, облыс халқы өзімізде өндірілген сүт өнімдерімен толық 100 пайыз қамтылмаған. Сол себепті, автоматтандырылған жүйесі бар тауарлы-сүт фермалары ауадай қажет. Осылайша, аймағымыздағы өндірілетін сүт өнімдерін түрлері көбейеді. Оның үстіне бұл өте пайдалы бизнес. Табыстылық көрсеткіші 70 пайыздан асады.

Владимир Берковский, облыстық фермерлер одағының төрағасы:

Тек қана заманауи техникамен жабдықталған сүт фермаларын салу керек деген мәселе көтеріп отырмыз. Соңғы құрал-жабдықтармен жабдықталған кәсіпорынның өнімділігі де жоғары болады. Мысалы, облысымызда жаң атехнология бойынша 1000 бас сиырға арналған тауарлы-сүт фермасы салынған. 1000 сиырға 8 адам ғана қызмет етеді. Ал бұрын, осыншама малды бағу үшін 60-тан аса адам қажет болды.

Заманауи технологиялар ауыл еңбеккерлерінің жұмысын жеңілдетіні сөзсіз. Сонымен қатар, жаңа сүт кәсіпорындары жаңа жұмыс орындарына жол ашады. Қазірдің өзінде, қаражаты бар шаруалар өз ісін дөңгелетіп, кәсібін жүргізуде. Сонымен қатар, ойдағы бар жобаны жүзеге асыруға несие ала алмай жүргендер жоқ емес. Өйткені, бағдарлама бойынша несиеге кепілдік мүліктің жоқтығы кедергі келтіреді.

Ізбасар Жүсіпбеков, «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ ПОФ төрағасының орынбасары:

Тауарлы-сүт фермаларының өнімдерін қолдау мақсатында жеңілдетілген несие берудің ең ұтымды талабы – қаржыландыру көзінің мөлшерлемесі 6 пайыздан басталады. Сондай-ақ, өзіндің қаржы көздері бойынша 16 пайыздан алуға болады. Оның 10 пайызын мемлекет субсидиялайды. Яғни, клиентке немесе аграгрлық-несиелік ұйымның шотына қайтарып береді.

Қаржыландырудың мерзімі 12 жыл. Бизнесті ашқаннан кейін 2 жыл жеңілдетілген түрде беріледі. Тауарлы-сүт фермаларының желісін кеңейту үшін «Қарапайым заттар экономикасы» және «Ырыс» атты мемлекеттік бағдарламалар жұмыс істеуде.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ШАРБАҚТЫДА АТҚАРЫЛАР АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР
19:43, 25 желтоқсан 2019
ШАРБАҚТЫДА АТҚАРЫЛАР АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
19:51, 19 желтоқсан 2019
ПАВЛОДАРДА ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...