ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

АГРАРЛЫҚ СЕКТОРҒА ИНВЕСТИЦИЯ ӨСТІ

11:03, 15 қараша 2019

Болат Бақауов өңірдің аграрлық секторына салынатын инвестициялардың жыл сайын өскенін айтады. 10 айдың қорытындысы бойынша өткен жылдың көрсеткішін 2,4 есе артығымен орындалған. Нәтижесінде 1 бюджеттік теңгеге орташа алғанда агроөнеркәсіптік кешенге жеке инвестициялардың 4 теңгесі тартылады.

Қазіргі уақытта жалпы құны 25,5 млрд. теңгеге 73 инвестициялық жоба бойынша жұмыс жүргізілуде. Оның ішінен 6 млрд. теңгеге салымдармен 33 нысан енгізілді. Тереңкөл ауданында 600 басқа арналған сүт-тауар фермасы ашылды және ағымдағы жылдың соңынан дейін 2320 басқа арналған 4 сүт фермасы енгізеледі.

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі:

Тағы бір ірі инвестициялық жоба – Екібастұз қаласында қызанақтарды өсіру бойынша жылыжай кешенін кеңейту. Жылыжай 31,5 гектар жерді алады, оның 11,5 гектары осы жылы енгізілді. Келешекте 2023 жылға дейін кәсіпорын алаңды 60 гектарға дейін кеңейтуді жоспарлап отыр. Әйел еңбегінің 1000 жұмыс орны іске қосылатын болады.

Бұл Екібастұз ГРЭС-1 жанында орналасқан үшінші жылыжай. Екібастұз қызанақтары ішкі нарықта ғана емес, өнімдер экспортталатын Ресей Федерациясының сібір өңірлерінің тұрғындарында үлкен сұранысқа ие. Облыс аумағынан тыс ет өнімдері де экспортталады. Жыл сайын орташа алғанда 1,5 мың тонна жеткізіледі.

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі:

Ет негізінен Ресей Федерациясына жіберіледі. Осы жылы ет экспорты бойынша жоспарды біз 2 есе ұлғайттық. Қазіргі уақытта «Рубиком» компаниясы ет пен ет өнімдерінің ең ірі өндірушісі, Қытай Халық Республикасына шошқа етін тікелей жеткізу бойынша келіссөздер жүргізуде.

65 мыңға арналған шошқа кешені есебінен облыс шошқа етін өндіру бойынша бірінші орынға ие. Осы кәсіпорын жергілікті нарықтарда етті өндіреді, қайта өңдейді және іске асырады, сондай-ақ шамамен 25 мың тонна етті экспортқа жібереді. Етті және сүтті мал шаруашылығының даму әлеуеті суға қолжеткізумен негізделеді.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ, Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ШАРБАҚТЫДА АТҚАРЫЛАР АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР
19:43, 25 желтоқсан 2019
ШАРБАҚТЫДА АТҚАРЫЛАР АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
19:51, 19 желтоқсан 2019
ПАВЛОДАРДА ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...