ШҰҒЫЛ! ЕРТІС ӨҢІРІНІҢ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ЖАЙЛЫ Толығырақ

ЖАС ЖҰЛДЫЗ МАРИЯ ЗАТВАРНИЦКАЯ

20:51, 25 қыркүйек 2018

Қазақстанда балалар арасындағы «Евровидение-2018» байқауы өз мәресіне жетті. Ауқымды бәйгенің қатарында жерлесіміз Мария Затварницкая да болды. Ол 200 үміткердің арасынан үздік ондыққа еніп, Павлодар намысын қорғады.

Ауқымды шараға Павлодар музыкалық мектеп-интернатының тәрбиеленушісі Мария Затварницкая көптен бері дайындалды. Күнделікті жаттығулар нәтижесін берді.  Ол  «Евровидение-2018» байқауына 200 үміткердің арасынан топ жарып, үздік ондыққа енді.  Маша сахнада өзін еркін ұстай алғандықтан, бәйгеде де өзін жақсы жағынан көрсете білді.  Жас жұлдыздың музыкаға деген сүйіспеншілігі кішкентай кезінен басталған.  Жыл өткен сайын тәжрие жинап келеді. Мұны дарынның ұстаздары мен мектеп-интернатының оқушылары мақтанышпен айтады.

ЕЛИЗАВЕТА БУЗУНОВА, Машаның алғашқы ұстазы

Маша мектепке келгенде , математика, орыс тілі мейлі қандай сабақ болмасын әндететіп отыратын. 1 сыныптан бастап, ол үлкен жетістіктерге жеткен. Ол үнемі  сайыстарға қатысты. Өте белсенді  қыз. 

АЛЕВТИНА РОМАНЕВИЧ,  Машаның сыныптасы

Мен Машаның Евровидениеге өткеніне өте қуандым.. Осындай үлкен жетістіктерге жету әркімнің қолынан келе бермейді.  Біз Машамен   мақтанамыз.   

ГҮЛСІМ ИСАКОВА, Машаның сынып жетекшісі

Менің сыныбымда барлық оқушылар жұлдыздар, себебі олар дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интенатының шәкірттері.  Балаларым осындай үлкен жетістіктерге қарамастан, өздерін басқадан жоғары ұстамайды. Маша өте жауапты, коммуникативті, жалпы жан-жақты бала.

ГЕЛЛА ФРАДКИНА, вокал ұстазы

Машенька өте талантты, жарқын бала. Ол 8 жастан бастап вокалмен кәсіби айналасады. Боролдихина Вера Александровнадан сабақ алып жүрді. Республикалық, халықаралық конкурстарға жиі  қатысады.  

Евровидения байқауында  Машамен қоса, ата-анасы қатты қобалжыды. Анасының айтуынша, сайыс  түйткілсіз өтпеген.  Алғашында музыкалық аппаратурадан ақау шықты. Сондай-ақ, Машаның денсаулығы да біраз сыр берді. Дегенмен, конкурс жоғары дәрежеде өтіп, Маша өзін жақсы көрсете білді. 

ИННА ЗАТВАРНИЦКАЯ,  Машаның анасы

Дыбыс жағынан техникалық ақаулар болды. Және конкурс алдында қызым ауырып қалды. Сондықтан байқауда, дәрі-дәрмектермен жүгіруге тура келді. Бұл әрине қиын болды. Мен өз атымнан барлық қала тұрғындарына алғысымды айтқым келеді. Біз бұл қолдауды қатты сездіндік.  

Алматыда өткен сайыс Маша үшін маңызды болды. Евровидение байқауында бас сахнада жас дарын «Бақытың мен» әнін орындады.

МАРИЯ ЗАТВАРНИЦКАЯ, «Евровидения-2018» балалар байқауының финалисті

Шынымды айтсам, мен сол сайысқа қатысқаныма өте қуаныштымын. Бұл мен үшін үлкен тәжірибе. Барлығы жоғары дәрежеде өтті. Біраз техникалық проблемалар болды, бірақ концертке дейін барлығын уақытында шешті. Ең бастысы жеңіс емес.

Маша өзінің өміріндегі ең маңызды жарыстардың біріне дайындалып жүр. Жеңіске жетпесе де, үздік ондыққа кірді. Жас дарынды алда әлі талай белес тер күтуде.

 

Марина САХАРОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

«ПАВЛОДАР АРУЫ-2018» КОНКУРСЫНЫҢ ІРІКТЕУІ ӨТУДЕ
19:14, 15 қазан 2018
«ПАВЛОДАР АРУЫ-2018» КОНКУРСЫНЫҢ ІРІКТЕУІ ӨТУДЕ...
Толығырақ...
«ЕРТІС ШАПАҒЫ» ХОРЕОГРАФИЯЛЫҚ АНСАМБЛІНЕ 17 ЖЫЛ
19:05, 15 қазан 2018
«ЕРТІС ШАПАҒЫ» ХОРЕОГРАФИЯЛЫҚ АНСАМБЛІНЕ 17 ЖЫЛ
Толығырақ...
ӘБІЛҚАЙЫР БАЙМОЛДИНГЕ АРНАЛҒАН КІТАПТЫҢ ТҰСАУ КЕСЕРІ ӨТТІ
20:24, 25 қыркүйек 2018
ӘБІЛҚАЙЫР БАЙМОЛДИНГЕ АРНАЛҒАН КІТАПТЫҢ ТҰСАУ КЕСЕРІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШАРБАҚТЫДА ДІНИ ҚАЙРАТКЕР ҒАБДУЛ-УАХИТ ТІЛЕНШІҰЛЫНЫҢ 165 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТІЛДІ
19:57, 9 қазан 2018
ШАРБАҚТЫДА ДІНИ ҚАЙРАТКЕР ҒАБДУЛ-УАХИТ ТІЛЕНШІҰЛЫНЫҢ 165 ЖЫЛ...
Толығырақ...