ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАРДАҒЫ САРЫАРҚА МӨЛТЕК АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ Толығырақ

ЖАС ВОКАЛИСТ «ЕВРОВИДЕНИЕ» БАЙҚАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ

18:48, 14 қыркүйек 2018

Павлодарлық жас әнші 25 қарашада Минск қаласында өтетін балалар «Евровидения» байқауының іріктеу кезеңіне дайындық үстінде. Аталмыш додаға қазақстандық балалар алғаш рет қатысып отыр. Мария Затварницкая дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының 8-ші сынып оқушысы. 200 үміткердің арасынан үздік ондыққа өтіп, 22 қыркүйекте өтетін ақтық мәреде бағын сынамақ. «Хабар » телеарнасы ән байқауын тікелей эфирде көрсетеді. Қатысушылардың дауыс ырғағы мен жалпы ән айту қабілетін арнайы қазылар алқасы мен көрермендер бағалайды.

Мария Затварницкая небары 13 жаста болғанымен шығармашылық табысы ауыз толтырарлық.  Беделді халықаралық жарыстардың жеңімпазы.  Соның бірі  «Бала дауысы» ұлттық конкурсы. Жас талант бұл ән додасында бас жүлдені иеленген болатын. Маша ән айтуды бақшадан бастаған.  Дәл сол кезден бүлдіршіннің табиғи талантын байқаған Вера Бородихина жас әншімен жұмыс істей бастаған. Айта кетері, бұл кісінің жұлдызды шәкірттері көп. Соның бірегейі танымал жерлесіміз, опера әншісі Мария Мудряк. Бүгінде  Маша вокалдық шеберліктің қыр-сырын қазақстандық опера жұлдызы Шахимардан Әбіловтен үйренуде.

ГЕЛЛА ФРАДКИНА, дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының ұстазы  

Қазіргі уақытта Маша вокал сабағын Қазақстанның Халық әртісі, профессор, академик, елордалық театрдың солисті Шахимардан Әбіловтен алады. Оның өскенін байқаймыз.    Кәсібилік,  вокалдық ауқымы,  жоғары ноталарды қиналмау алуы, дауысы тап-таза. Машадан үлкен үміт күтеміз.

Марияның талантының бірегейлілігі – оның дауыс  диапазонының кеңдігінде. Музыкалық сындарда Маша әдетте екі номинацияда , яғни, академиялық және эстрада ән бағыты бойынша қатысады. Жас әнші көбіне  екі бағытта бірдей жоғары жетістіктерге қол жеткізеді. Егер ол «Евровидения» бәйгесінің ақтық мәресінен сүрінбей өтсе, павлодарлық жұлдыз лирикалық әнді шебер орындайтынын дәлелдемек.

МАРИЯ ЗАТВАРНИЦКАЯ, дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы

Бұл ән бақыт туралы. Мен өз елімді мақтан тұтамын. Бұл ән лирикалық , менің мінезіме дәл келіп тұр. Анам айтады, менің қарсыласым бар - ол мен өзім. Сондықтан өз-өзімді жеңуім керек.

Жерлес жас жұлдыздың өмірі жөнінде толық ақпаратты сенбі күні шығатын «Лайф» бағдарламасынан тамашалай аласыздар.

 

Марина САХАРОВА

Тақырып бойынша материалдар

СҰЛТАНМАМЕТ СҰЛТАНҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
17:42, 12 желтоқсан 2018
СҰЛТАНМАМЕТ СҰЛТАНҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ...
Толығырақ...
ЕЛ ІШІ – ӨНЕР КЕНІШІ» АТТЫ ІС-ШАРА
17:27, 10 желтоқсан 2018
ЕЛ ІШІ – ӨНЕР КЕНІШІ» АТТЫ ІС-ШАРА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
18:15, 11 желтоқсан 2018
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
Толығырақ...
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ЖОЛ ЖҮРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ
12:43, 12 желтоқсан 2018
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ЖОЛ ЖҮРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ...
Толығырақ...