ШҰҒЫЛ! ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІГІН АТҚАРУҒА КІРІСТІ Толығырақ

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ – ЕЛБАСЫ ҚОРЫНЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫ КОНЦЕРТ ҚОЙДЫ

20:24, 13 наурыз 2019

Павлодарда ҚР Түңғыш Президенті – Елбасы Қорының күндері өткізілді. Шара алдымен облыс әкімдігіндегі жиынмен бастау алып, С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің қабырғасында жастармен кездесуге ұласты. Ол жерде талантты студенттерге шеберлік сағаттары көрсетіліп.

Қордың мақсаты мен қызметі таныстырылды. Сонымен қатар, Тұңғыш Президент Қорының лауреаттары қалалық мәдениет сарайында концерттік бағдарламасын тарту етті. Естай атындағы мәдениет ошағының кіре берісіндегі «Астана – Ұлы даланың жауһары» атты фотокөрме Қор қонақтарының назарын бірден өзіне аудартты. Бұл жерге Елорданың сұлу да сымбатты ғимараттары мен әсем табиғаты бейнеленген суреттері қойылған. Жалпы, аталмыш Қордың биылғы іс-сапарының басты мақсаты – Елбасының жастарды қолдауға бағытталған идеяларын қолдау, Қор жобаларын жастар арасында насихаттау. Жыл сайын Елбасы Қоры 100-ге жуық жобаны жүзеге асырады. Биылғы жылғы идеялардың көбі жастар жылымен байланысты. Бұл шаралар шет мемлекеттерде де таныстырылып тұрады.

Оксана Лоскутова, тұңғыш президент қорының баспасөз хатшысы

Биылғы жылы да сол шамада шара өткіземіз деген жоспарда бар. Мұның барлығы жастарға арналады. Әрине, берлығы дерлік емес, айта кететін жәйт, мәселен, Елбасының «Эра Независимости» деген кітабын туралы айтатын болсақ, былтыр оны Берлинте жұртқа паш еттік. Неміс оқырмандарына жол тартты. Тұңғыш Президент қоры ретінде біздің негізгі миссиямыздың бірі – сол, талантты жастарды қолдау, оларға көмек көрсету.

Павлодар – қонақтар ат табанын суытқан 8-ші облысы. Сондықтан, халқы да жылы қарсы алды, - дейді. Сондай-ақ, классика өнеріне құштар қауымға белгілі өнер майталмандары Сүндет Байғожин, Азамат Жылтыркөзов, Бибігүл Жанұзақ сынды әртістермен бірге, халықаралық конкурстардың жеңімпаздары, Тұңғыш Президент қорының лауреаттары Наурыз  мерекесіне арналған концерт берді.

Сүндет Байғожин, ҚР еңбек сіңірген әртісі

Біріншіден үлкен қуаныштымыз. Павлодар қаласына келіп Елбасы Қорының лауреаттары өзінің өнерін көрсетейін деп отыр. Мен де 2016 жылы осы Қордың лауреаты атанған болатынмын. Ол кезде Астана опера театрында Абай атамыздың бас төлін, операсын орындаған үшін мен осы лауреат атағын алған болатынмын.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының күндерін өткізу алдағы уақыттарды дәстүрге айналмақ. Бұл, жастар жылындағы жасалып отырған нақты қадамдардың бірі.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ЛЕНИН КЕНТІНІҢ БАЛҒЫНДАРЫ НАУРЫЗ ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ
20:46, 19 наурыз 2019
ЛЕНИН КЕНТІНІҢ БАЛҒЫНДАРЫ НАУРЫЗ ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар