ШҰҒЫЛ! АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК Толығырақ

«ТОМИРИС» ФИЛЬМІНІҢ ҚАЗАҚША НҰСҚАСЫ КӨРСЕТІЛДІ

19:23, 9 қазан 2019

Қаладағы кинотеатрлардың бірінде «Томирис» фильмінің қазақ тіліндегі нұсқасы көрермен назарына жол тартты. Тарихи Драмаға келушілердің қатары қалың.

Шолпан Байғалы – тарихи драмаға немересімен бірге келген. Қазақт тіліндегі нұсқасын әдейілеп күткен. Режиссерге де ұсыныстар тасталғанын айтады. Фильм өте әсерлі. Тұлпар мініп, қару асынған Сақ патшайымы Томирис, біздің қыздардың ержүректілігін айқындай түседі,-дейді ақын. Фильмдегі басты кейіпкердің өмірі қиын жағдайда өтеді. Себебі, патша қайтыс болғанна кейін, ел билігін өз қолына алады. Томирис туындысын кітаптан оқыдым, бірақ, киносын көрген әлдеқайда әсерлі,-дейді Шолпан Байғалы.

Шолпан Байғалы, ақын, Қазақстан журналистер одағының мүшесі:

Бұл тарихи деректі Томирис фильмі бүгінгі күнге дейін орыс тілінде жүріп жатқан болатын біздің Павлодар өңірінде. Міне  бүгін жексенбьі күннен бастап, осы өңірге бідің ана тіліміз – қазақ тілінде осы кино көрсетіле бастады. Бұл киноны көруімізге мүмкіндік жасап, осындай жағдай жасап отырған Павлодар қаласы әкімдігі мен мәдениет және тілдерді дамыту  бөліміне осы отырған көрермендер шексіз алғыз айтамыз.

Тарихи туындыда Томиристің Сақ патшайымы дәреждесіне жеткенге дейінгі өмірі суреттеледі. Фильмнің авторы – Ақан Сатаев. Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт Министрлігінің тапсырмасы бойынша түсірілген. Бұған бастан-аяқ 2,5 млдр теңге жұмсалған. Естеріңізге сала кетейік, тарихи 27-ші қыркүйекте прокатқа шыққан болатын. Кинодағы басты кейіпкерлердің рөлін елімізге танымал Ерік Жолжақсынов, Мұрат Бейсембин, Еркебұлан Дайыров, Аян Өтепберген және Асылхан Төлепов сынды талантты актерлер сомдайды.

 

Бақытнұр Бейсенбайқызы, Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

                                                      

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАРДА РУМЫНИЯ ФОТОГРАФЫНЫҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ
10:35, 18 қазан 2019
ПАВЛОДАРДА РУМЫНИЯ ФОТОГРАФЫНЫҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
18:41, 15 қазан 2019
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...