ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ТЕАТР ҰЖЫМЫ НҰР-СҰЛТАН ТӨРІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

15:45, 14 маусым 2019

Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театрының ұжымы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Самғау» фестивальіне аттанды. Әртістер елорда төрінде Карло Гольд Онидің пьесасы бойынша «Венециялық егіздер» музыкалық-комедиясын қояды. Гастролдік сапар алдында біздің тілшілеріміз театр труппасының соңғы дайындығын тамашалап қайтты.

15 маусым күні өтетін  халықаралық «Самғау» фестиваліне  Қырғыстан, Өзбекстан, Ресейден өнер ұжымдары келеді. Сондай-ақ еліміздің басқа өңірлерінен де театр труппалары қатысады. Елордаға Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театрының ұжымының 40 қызметкері аттанды. Симфониялық оркестр де құрамда бар.


Батырбек Шамбетов, Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театрының режиссері:
Бұл фестиваль біз үшін үлкен роль ойнайды. Себебі актер үшін, режиссер үшін. Фестивальдар театр үшін біздің кәсіби деңгейін көтеру үшін үлкен зор үлесін қосады. Себебі көптеген театрлармен тәжірбие алмасу ғой былай айтқанда.


Оқиға желісі 18 ғасырда  Венеция қаласынан бастау алады. Егіз ұлдар Тонино мен Дзанетто балалық шағында бір-бірінен бөлек тәрбиеленеді. Біреуі әкесінің қолында, екіншісі нағашысының үйінде тәлім алды. Өскенде екеуі де Верони қаласына келеді. Олардың бір бірінен аумайтындығы сондай, сүйген қалыңдықтары шатастырып, көптеген қызықты оқиғаларға тап болады. Комедия тұрғысында қойылған музыкалық спектакль көрермендерге жақсы көңіл күй сыйлайды деген сенім бар. Спектакль соңында барлығы бір бірімен табысып, бақытты ғұмыр кешеді. 
 

Әйгерім ТОҚПАНҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

«АЙНАЛАЙЫН» ФЕСТИВАЛІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
16:02, 27 қараша 2019
«АЙНАЛАЙЫН» ФЕСТИВАЛІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар