ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

ТЕАТР МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

18:44, 12 қыркүйек 2019

Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы-драма театры 30-шы маусымын бастады. Театр әртістері жаңа маусымның ашылуында қызыл кілеммен жүріп өтіп, пресс-конференция өткізді. Бұл жолы сахна шымылдығы Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» қойылымымен түрілді.

Театр –сахналық өнердің биік шыңы. Облыстық театр осыдан 30 жыл бұрын «Айман-Шолпан» туындысымен алғашқы қойылымын көрермен назарына ұсынған еді. Ал, биылғы маусым ерекше. Алдымен әртістердің барлығына құрмет көрсетіліп, қызыл кілеммен жүріп өтті. Одан соң театр тарландары  БАҚ өкілдермен, жастар қауымымен кездесіп, киелі орданың алдағы тыныс-тіршілігімен бөлісті. Сондай-ақ, қойылым туралы өз ойларын жеткізді.

Дәурен Әділ, театр басшысының орынбасары:

Осы премьераны көрсек деп, көп ақсақалдарымыз, ағаларымыз, апаларымыздың жастық шағы естеріне түсетін спектакль. Бұл спектакльдің әрбір кейіпкерінен кез-келген адам өзін тауып ала алады. Жастардың бойынан керемет ләззат алады. Сондықтан да осы спектакльді қойған себебіміз сол болатын.

Биылғы қойылым Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» повесінің желісімен басталды. Қойылымдағы рөлдердің көпшілігінде жастар өнер көрсетеді. Қоюшы режиссері – Жангелді Садықов.  Режиссердің айтуынша дайындалуға біраз уақыт кеткен.

Жангелді Садықов, режиссер:

Бұл сонау ауыр кезеңде балалық шаң сондай ауыр кезеңге тап болған. Жазушы Б.Соқпақбаевтың өмірбаянынан алынған. Нақты деректермен жазылған. Сол кездегі қиын замандағы балалар мен  қазіргі балаларды салыстыра отырсақ ол кездегі балалардың қиындығы

 «Балалық шаққа саяхат » деп аталатын қойылымда театр әртістерінің барлығы өнер көрсетті. Бердібек Соқпақпаевтің прототипін ойнаған – Ақсұлтан Әнуарбек. Жас таланттың айтуынша рөлді ойнап қана қоймай, автор болуы қиынға соққан. Алайда, көп дайындық пен шығармашылық қабілеттің арқасында халықтың қошеметіне бөленді.  

Ақсұлтан Әнуарбек, актер:

Бала Бердібекті Беркен деп еркелеткен. Сол Беркеннің рөлі бұйырды. Былтырғы маусымның жабылуынад премьерасын ойнадық. Биылғы маусымды осы премьерамен ашайын деп жатырмыз. + Бұл жердже сахна тілі дұрыстау болу керек. Өйткені мұнда құлаш-құлаш монологтар бар. Сол шамалы қиындау соқты.

Театр жаңалығы осымен таусылдар емес. Алдағы уақытта Семей қаласына гастрольдік сапармен аттанбақ.

Бақытнұр Бейсенбайқызы, тілші:

30 жылдық тарихы бар облыстық тетарда бүгін тың серпіліс, жаңа бастама. Себебі 30нші маусымын Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» қойылымымен ашқалы отыр. Театр ұжымының айтуынша алдағы уақытта 10 жуық жаңа қойылым көрермен назарына ұсынылады. Сондықтан барлығымыз театрда жолығайық.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...