ШҰҒЫЛ! Қ.ТОҚАЕВ РЕСМИ ТҮРДЕ ҚЫЗМЕТІНЕ КІРІСТІ Толығырақ

СУРЕТШІ Ғ.ҚАРЖАСОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КӨРМЕ ӨТІП ЖАТЫР

14:22, 11 қаңтар 2019

Павлодар облыстық көркемсурет мұражайы белгілі қылқалам шебері, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Ғалым Қаржасовтың 65 жылдық мерей тойы қарсаңында еске алу көрмесін ұйымдастырды. Суретші тірі болса биыл 65 жасқа толар еді. Зұлқарнай Ермұратұлы тарқатады.

Өмірінің 30 жылын сурет өнерін дәріптеуге арнаған жерлесіміз Ғалым Қаржасовты еске алу кешін облыстық көркемсурет мұражай мен облыстық білім беру басқармасы бірлесіп қолға алған. Басты мақсат: өскелең ұрпақ арасында шебер атын насихаттау, өнерін елге таныстыру. Бұл тек бастамасы ғана. Қаңтар айының 14-ші жұлдызынан бастап, Қаржасовтың «Мәңгілік сурет әлемі» атты циклі өтеді. Бұған автордың 100-ден астам шығармасы дайындалуда.

БАҚЫТГҮЛ ӘДІЛХАН, ОБЛЫСТЫҚ КӨРКЕМСУРЕТ МУЗЕЙІНІҢ МАМАНЫ

Бір айдың көлемінде қала тұрғындары мен қонақтары және де өзімізжің жоспарланған арнайы балалар мен жасөспірімдермен ұйымдастырылған іс шараларды өткіземіз. Келесі аптадан бастап, «Мәңгілік сурет әлемі» атты суреттер циклі өтеді. Бұд жерде 100-ден астам туындылары көгілдір экраннан көрсетіледі. Оның өмірі жайлы айтылады.

Көрмеге автордың өзі музей қорына сыйға тартқан 12 туындысы қойылған. Әр шығарма ерекше сыр шертеді. Әдемі қанық бояу, қылқаламмен өрнектелген сызықтар өнер табынушыларына ой салары анық. Туған жердің тарихын баяндайтын тың туындыларды тамашалауға келгендердің қарасы да қалың.

ВАЛЕРИЯ ПИЧУГИНА, КӨРМЕГЕ КЕЛУШІ

Бұл көрме маған өте ұнады. Бұл суретші туындыларын өте анық, көркем бейнелеген. Суреттері өте ашық түсті болды. Оның туындыларынан жақсы әсер алдым.

Ғалым Қаржасов Павлодар облысы Ертіс ауданының тумасы.  Өткен ғасырдың сексенінші жылдардан бастап, қолына қылқалам ала бастаған шебер өз есімін тарихта алтын әріптермен жаза білді. Қысқа ғана ғұмырында талай белестерді бағындырып, «Құрмет» орденінің иегері атанды. Сонымен қатар Қазақтың үкілі домбырасын өзі қолдан жасайтын.

ЗҰЛҚАРНАЙ ЕРМҰРАТҰЛЫ, ТІЛШІ

Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді,- дейді, дана халқымыз. Осы ретте, Ғалым Қаржасов артына өшпес мұра қалдырған белгілі қылқалам шебері. Әр туындысынан тым терең, мың мағынаны, қазақ тұрмыс-тіршілікті айқын аңғаруға болады. ұлтын ұлықтаған халық, ұлының ұлы өнерін еш ұмытпасы анық.

Зұлқарнай Ермұратұлы, Досымбек Тоқай ЕRTIS АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

ТЕАТР ҰЖЫМЫ НҰР-СҰЛТАН ТӨРІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ
15:45, 14 маусым 2019
ТЕАТР ҰЖЫМЫ НҰР-СҰЛТАН ТӨРІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар