ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

«ШЕКСІЗ ТЕАТР» ПРЕМЬЕРАСЫ

11:00, 13 наурыз 2020

«Шексіз театр» ұжымы Антон Чехов атындағы облыстық драма театрының сахнасында өнер көрсетті. Бұл жолы жас әртістер көрермендерге Ганс Христиан Андерсонның «Түйме қыз» ертегісін ұсынды. Премьераға әдеттегіден халық көп жиналды.

«Шексіз театр» деп аталатын ұжымның құрылғанына 1,5 жыл ғана болды. Ерекше жоба 2018 жылдың қаңтар айында өз жұмысын бастады. Қазіргі уақытта өнер ошағында театрмы жаны сүйетін 23 жас әртіс қызмет етеді. Олардың жасы 7 мен 24 аралығында. «Түйме қыз» ертегісі – театрдың сахналанған  үшінші қойылымы.

Юлия Захарчук, «Шексіз театр» жетекшісі:

Театр әрртістерінің жартысында бүгін дебют болды. Сол себепті, қобалжумен қорқыныш сезімі байқалды. Бізде мұнда әртістер,   сәндеуші декораторлармен қатар костюмер мамандар да бар. Көрермен біздің осы ертегі арқылы айтқымыз келген ойымыз түсінсе дейміз.

Театр әртісінің айтуынша, ең бастысы баланың тілін таба білу керек. Себебі, әр бала өзінің бар өнерін салады. Ертегідегі рөлдер жас әртістердің кейіпкерлерді сезінуіне байланысты таңдалды.

Анастасия Дружинина, актриса:

Рөлдерді ойнағанда менің мінезім көмектеседі. Себебі, өмірде мен кез-келген мәселенің амалын тауып кете аламын.  Бұл жерде маған ұнайтыны, өзімді еркін сезінемін. Театрдағы атмосфера ұнайды. Жаңа спектакльдер мен жаңа рөлдер – бәрі мен үшін қызықты.

Дина Лобченко, актриса:

Маған бұл жердегі жылы шырайлы атмосфера жаныма жақын. Жұмыс істеген де өте ұнайды. Мұнда кез-келген адам келе алады.  Сол себепті,  бұл өте керемет.

Кейбір әртістер үшін  көрермен алдында алғашқы өнер көрсету болғанымен, балалар қорықпай өздерін еркін ұстады. Олар образға кіріп, рөлдерді тамаша сомдады. «Шексіз Театр» ұжымы әртістерді көрермендер алдында өздерін сенімді ұстауға үйретеді. Ал кішкентай балалар актерлік шеберлікті меңгеріп, музыка мен сөз ырғақтылығын дамытуда. Ең бастысы олар мұнда өздеріне жаңа достар тауып, басқа балалармен тіл табысуды үйренеді.

 

Әйгерім Бозанбаева, Сабина РАХИМБАЙ

 

Тақырып бойынша материалдар

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
16:25, 22 мамыр 2020
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...