ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ШАХИМАРДАН ӘБІЛОВ 70 ЖАСТА

20:03, 23 сәуір 2020

Бүгін қазақ операсының майталманы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жерлесіміз Шахимардан Әбілев 70 жасқа толды. Бір туар талант иесінің кіндік қаны тамған жер - Шарбақты ауданы, Арбиген ауылы. Классикалық ән өнеріне тың жаңалық әкелген маэстро қазақтың ұлттық музыкасын әлемдік сахнаға шығарған дарабоз.

Жарылғапберді, Естай, Жаяу Мұса тәрізді өңіріміздің ән алыптарының ізін жалғастырған шоқтығы биік әнші Шахимардан Әбілевтің  таланты кішкене кезінен көрініс берген. Құрманғазы атындағы консерваторияға білім алып, Ермек Серкебаев, Бекен Жылысбаев тәрізді ұстаздардан шеберлігін шыңдады. Шахимардан Хайдарұлының шығармашылығында Абай тақырыбы ерекше орын алады. Ол кең тынысты, құнарлы дауысымен ұлы ақын әндерін әлемдік сахнаға шығарған алғашқы әнші. Абай туындыларын орындап қана қоймай, зерттеумен де айналысады. Түркияда өткен Абай жылының беташарында Шахимардан Әбілов бауырлас елдің жұлдыздарымен бірге Түркияның Президенттік оркестрінің сүйемелдеуімен ұлы ақын туындыларын орындады. Өзінің баға жетпес тәжірибесін жерлестерімен бөлісу мақсатында Павлодар облысының музыкалық колледжі жанында вокалдық орындаушылық Академиясын да ашты. Бүгінде ол жерде көптеген жас шәкірттер тәлім алуда. Әншінің төл мерекесіне әлемнің түкпір-түкпірінен құттықтаулар ағылып келіп жатыр. Сонымен қатар жерлестері мен ұстазы Қорған ата да құттықтау жолдады.

Қорған Смайылханов – Шахимардан Әбілевтің ұстазы:

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мәліметінше еліміздегі карантин жағдайы аяқталған соң атақты жерлесіміз Шахимардан Әбілевтің 70 жылдық мерейтойына арнап әншінің туған жері Шарбақты ауданында «Шахимардан достарын шақырады» атты ауқымды фестиваль өткізілмек.

 

Гүлсара МӘЛІКОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
16:25, 22 мамыр 2020
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
10:23, 25 мамыр 2020
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
Толығырақ...
АУЫЛ ҰСТАЗДАРЫНА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРЕДІ
10:36, 28 мамыр 2020
АУЫЛ ҰСТАЗДАРЫНА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...