ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАРДАҒЫ САРЫАРҚА МӨЛТЕК АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ Толығырақ

ПАВЛОДАРЛЫҚТАР ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІН АТАП ӨТТІ

18:05, 2 шілде 2018

Ұлттық домбыра күні ұлықталған күн. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып жарияланды. Руханиятымызға қосар үлесі салмақты болар бұл мерекені Ертіс-Баян жұртшылығы асқақ сезіммен, сән-салтанатпен атап өтті.

Иә, қазақ қашанда ырымға, наным-сенімге берік халық. Ендеше, дәл осы мереке күні Қазақстан халқы Ассамблеясы бастамасымен аймағымызда ерекше шара өткізілді. Олар қаладамыздағы перзентханаларды аралап, ерекше  сыйлықтар үлестірді. Ассамблея мүшелері мен қалалық мәслихат дептуттары 1 шілде күні дүние есігін ашқан балаларға домбыра тарту етіп, аналарға осылайша тосын сый жасады.

 НӘЙЛӘ АХМЕТОВА, Павлодар қалалық мәслихатының депутаты

Дүние есігін енді ашқан шақалақтар мен олардың ата-аналары мұндай құрметке Ұлттық домбыра күнінде бөленіп отыр. Қазақтың қос ішекті музыкалық аспабы кішкентай Викторияға да тарту етілді. Ол Павлодар қалалық перзентханасында 1 шілде күні бірінші болып дүние есігін ашқан бала. Анасы Лариса бөбегін енді домбыра үнімен тербетуде. Қос ішектің дыбысы  шақалаққа жаққандай, домбыраның әуенімен тәтті ұйқыға шомды.

ЛАРИСА ЛУЗИНА, жас ана

Қызым түнгі сағат екіде дүниеге келді. Есімін Виктория деп қойдық. Бұл атты жолдасым екеуіміз таңдадық. Дәл осы мереке күні босанғаныма қуаныштымын. Енді болашақта қызымызды домбыра үйірмесіне беріп, қазақтың осы аспабында ойнауды міндетті түрде үйрететін боламыз. 

 Ал бұл - орталық мерекелік алаңнан көрініс. Ұлттық домбыра күніне арналған негізгі мерекелік іс-шаралар Павлодар қаласындағы Гагарин саябағында өтті. Мұнда бір мезетте 250 домбырашы Жаяу Мұса Байжанұлының «Құмжылан» күйін орындады. Жалпы, соңғы жылдары Жаяу Мұсаның белігісіз күйлері жарыққа шыға бастады. «Құм жылан» өнер танушыларға бұрын беймәлім болып келген күйлердің қатарында. Оны орындаған 250 домбырашының өнері көпшілік қауымның көңілінен шықты.Қазақ пен домбыра егіз ұғым. Қазақты басқа ұлт өкілдерінен өзгелешейтіні де сол – өзінің төл, ұлттық музыкасының болуы. Домбырада асқақтата ән салып, күмбірлете күй төккен өнерпаз халқымыз сол себепті домбыраны қастерлеп үкі таққан, жалғызындай аялап қақ төріне ілген.Ұлттық Домбыра күніне орай Павлодар облыстық көркемсурет муйзейінде «Бабалар үні домбыра» атты көрме ашылды. Оған домбыраға арналған павлодарлық суретшілердің шығармалары қойылды. Жалпы, ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік шаралар халықтық мәндегі әрі рухани жаңғыру үлгісінде ұйымдастырылды. Бұл мереке бейне бір рухани жаңғыру серпінінің әсеріне ұласқандай.

 Қуандық ТАНАБАС

Тақырып бойынша материалдар

СҰЛТАНМАМЕТ СҰЛТАНҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
17:42, 12 желтоқсан 2018
СҰЛТАНМАМЕТ СҰЛТАНҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ...
Толығырақ...
ЕЛ ІШІ – ӨНЕР КЕНІШІ» АТТЫ ІС-ШАРА
17:27, 10 желтоқсан 2018
ЕЛ ІШІ – ӨНЕР КЕНІШІ» АТТЫ ІС-ШАРА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
18:15, 11 желтоқсан 2018
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
Толығырақ...
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ЖОЛ ЖҮРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ
12:43, 12 желтоқсан 2018
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ЖОЛ ЖҮРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ...
Толығырақ...