ШҰҒЫЛ! ЖАРЫЛЫСТАН 11 АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ Толығырақ

ПАВЛОДАРДА КИНО ТҮСІРІЛМЕК

14:25, 10 қаңтар 2019

Биыл Баянауыл топырағында «Аға» деп аталатын жаңа көркем фильм тісіріледі. Кинода өңірдің көрікті жерлерінің барлығы қамтылады деп күтілуде. Фильмнің режиссерімен тілдесіп қайтқан тілшіміз Зұлқарнай Ермұратұлы толықтырсын!

Бұл фильм Павлодар тарихында қолға алынып отырған ауқымды жобалардың бірі. Басты мақсат: өңірдің көрікті жерлерін насихаттау, сонымен қатар осы топырақтан шыққан жас актерлердің кәсіби біліктіліктерін арттыру. Режиссердің айтуынша Ертіс-Баян өңірінің атын асқақтатып, ерекше фильм түсіру көптен бергі арман болса керек. Кино тек бір ғана жанрды қамтымайды. Яғни, драммалық, комедиялық, атыс-шабыс көріністері де кездеседі.

ФАРХАТ СЕРКЕБАЙҰЛЫ, РЕЖИССЕР

Осындай орыс тілді кинолар бар. «Брат», «Брат2» деген. Сол сияқты бізде де өзіміздің ұлттыө қахарманымызды жасап жатырмыз «Аға» деген. Бізде «Аға» деген күшті, мықты адам. Әке ретінде де бола алады. Жастарға үлгі боларлықтай фильм түсіреміз.

Жалпы кино құрылымында 80-ге жуық рөл қарастырылған. Осы жылдың наурыз айында алғашқы кастинг жарияланбақ. Режиссердің айтуынша, іріктеуге өзінің актерлік шеберлігін сынап көремін деген кез-келген адам қатыса алады. Оқиға желісі белгілі бір кейіпкердің өмірімен байланыстырыла өрбімек. Басты рөлді сомдауға елімізге белгілі актер, «РЭКЕТИР» фильмінде РУСЛАН рөлін сомдаған Мұрат Бисембин лайық деп танылған. Сондай-ақ, Фархат Әбдрайымов пен Макс Акбаров сында талантты актерлерді де көру мүмкіндік бар.

КИРИЛЛ ЛАТАКОВ, ФИЛЬМІНІҢ ПРОДЮСЕРІ

«Аға» кинофильмі Павлодардағы ең алғашқы ауқымды фильм. Бұған дейін басқа да кинолар түсірілді, бірақ, ауқымы аз болды. Ал, біз басқаша жасайық деп шештік. Павлодарға елімізге танымал, сонымен қатар көршілес Ресейлік актерлерді, атап айтқанда Мұрат Бейсембин, Ерден Телемісов, Фархат Әбдрайымов және Екібастұздың тумасы Мәскеуде танымалдылыққа ие болған Александр Устюгов сынды актерлерді шақырамыз.

Кино туында осы жылдың мамыр айында түсірілімін бастайды. Шығармашылық топтың пайымдауынша жалпы процесс 30 күнге созылады. Аталмыш фильмнен түскен қаражат Павлодардағы алғашқы кино студияның ашылуына жұмсалмақ.

Автор: Зұлқарнай Ермұратұлы. Таспагер: Анатолий Классен.

Тақырып бойынша материалдар

ТЕАТР ҰЖЫМЫ НҰР-СҰЛТАН ТӨРІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ
15:45, 14 маусым 2019
ТЕАТР ҰЖЫМЫ НҰР-СҰЛТАН ТӨРІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар