ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ОНЛАЙН КОНЦЕРТ

17:42, 28 маусым 2020

Пандемияға байланысты Иса Байзақов атындағы облыстық филормония да онлайн жұмыс режиміне көшкен. Жылдық жоспар бойынша шалғай жатқан елді мекендерге арнайы барып, концерт беру керек еді. Алайда, елдегі ахуалға байланысты гастролдік концерттері онлайн түрде өткізуге тура келеді.

Иса Байзақов атындағы облыстық филормония әртістері «Сәлем саған туған ел» атты концерттік бағдарлама дайындап жатыр. Жыл басында жоспарға енгізілген шара онлайн режимде өткізіледі. Осылайша, шығармашылық ұжым арнайы бағдарлама дайындап, көрерменге ұсынбақ.

Гүлсамиға Мұқанова, И.Байзақов атындағы облыстық филармонияның концерттік гастролдік бөлім меңгерушісі:

Алыс, шалғайда жатқан ауылдарға арналған концерттік бағдарлама. Яғни, алдын ала бұл концерттер түсіріледі. Одан кейін ютуб каналында, инстьаграмм парақшасында барлғы жарияланады. Яғни сол ауыл қай ауылға арнлаған концерттік бағдарлама сол мекемлер парақшаларымыздан концертті қарайды.

Онлайн концерт Успен ауданына қарасты ауылдардан бастау алады. Жоспар бойынша 32 шалғайдағы ауылға арналған. Концерт алдын ала түсіріліп, әлеуметтік желілерге жүктеледі.

Серікгүл Шарманова, И.Байзақов атындағы облыстық филормонияның камералық хор әншісі:

Бүгін біздің концерттік бағдарламамызда әр түрлі жанрдағы шығармалар қамтылған. Оның бірінші блогы біздің халық, қазақ тіліндегі шығармаларға арналған. Оның ішінде халық әні, совет компазиторларының әндеріне арналады. Содан кейін «Самиян» вокалдық тобы өнер көрсетеді. Одан кейін екінші блогымыз біздің шетел, ағылшын тіліндегі әндер қамтылатын болады.

Күн сайын дайындық жұмыстар жүргізілуде. Осылайша, павлодарлық өнерпаздар өңір тұрғындарын онлайн форматта өнерлерімен сусындатпақ.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар