ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАРДАҒЫ САРЫАРҚА МӨЛТЕК АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ Толығырақ

НАЗАРБАЕВ МЕКТЕБІНДЕ НАУРЫЗ ТОЙЛАНДЫ

18:11, 16 сәуір 2018

Демалыс күндері химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ата салтың- мұратың» тақырыбында наурыз мейрамы өткізілді. Мектеп жанынан 19 ақшаңқан киіз үй тігіліп, әр шаңырақта мерекелік дастархан жайылды.

Ұлыстың ұлы күнін өткен жылдан бастап павлодарлықтар 40 күн бойы тойлайды. Демалыс күндері Усолка мөлтек ауданында орналасқан Назарбаев зияткерлік мектебі Ұлыстың ұлы күні -  наурыз мейрамын кең түрде атап өтті.

ГҮЛНӘЗ ЖҮКЕНОВА, Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры

Наурыз мерекесін тойлаудың ең басты мақсаты – балаларға өздеріміздің ұлттық құндылықтарымызды үйрету, ата-аналарымыздың , әріптестердің арасында ынтымақтастықты жалғастыру. 

Мерекелік  концерт, ұлттық қолөнер жәрмеңкесі, киіз үйлер фестивалі, ұлттық спорттық ойындар өткізілді. Алтыбақан орнатылып, ұлттық тағамдар мен салт-дәстүрлер кеңінен насихатталды. Павлодарлық Назарбаев интеллектуалды мектебінде қазіргі күні 700 дарынды бала үштілде білім алуда. Наурыз тойын мерекелеуге павлодарлықтардан басқа, Семей, Өскемен Назарбаев зияткерлік мектептерінен қонақтар да келді.

ГҮЛШАТ МҰХТАРХАНОВА, Өскемен қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры

Бүгін біз Қазақстанымыздың інжу-маржаны саналатын шығыстан келіп, сонау қасиетті кереку елінің жұртын ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен арнайы құттықтап отырмыз. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын еліміз аман-жұртымыз тыныш болсын. 

Айта кетейік, өткен жылы Назарбаев зияткерлік мектебінде наурыз тойында 17 киіз үй тігілсе, биылғы мерекеге 19 шаңырақ бой көтерді.

Павлодар жаңалықтары, Павлодардағы оқиғалар, Павлодар қаласының соңғы жаңалықтары, Наурыз, Әз Наурыз, 

Тақырып бойынша материалдар

СҰЛТАНМАМЕТ СҰЛТАНҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
17:42, 12 желтоқсан 2018
СҰЛТАНМАМЕТ СҰЛТАНҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ...
Толығырақ...
ЕЛ ІШІ – ӨНЕР КЕНІШІ» АТТЫ ІС-ШАРА
17:27, 10 желтоқсан 2018
ЕЛ ІШІ – ӨНЕР КЕНІШІ» АТТЫ ІС-ШАРА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
18:15, 11 желтоқсан 2018
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАССЕЙН АШЫЛДЫ
12:29, 13 желтоқсан 2018
ПАВЛОДАРДА ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАССЕЙН АШЫЛДЫ
Толығырақ...