ШҰҒЫЛ! ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІГІН АТҚАРУҒА КІРІСТІ Толығырақ

НАУРЫЗ – ДОСТЫҚТЫҢ МЕРЕКЕСІ

16:28, 15 наурыз 2019

Наурыз мейрамы – әлемнің ең көне мейрамдарының бірі һәм бірегейі. Орта Азия халықтары бес мың жыл бойы тойлап келеді. Наурыз – жыл басы. Парсы тілінде "нау" – "жаңа", "руз" – "күн" деген мағына білдіреді. Бұл мейрамның тарихы туралы көптеген пікір айтылып жүр. Бірі парсы патшасы Джамшидпен, бірі Қыдыр атамен, енді бірі Хұт құбыжығымен байланыстырып жатады.

Бұл мереке XVIII ғасырға дейін Ежелгі Грекияда, Ежелгі Римде, Ұлыбританияда аталып, 1700 жылға дейін ежелгі Русь жерінде де тойланып келген.  Наурызды ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, деп атаған. Ал, Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналады. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Сондықтан, 22-Наурыздың таңы атысымен адамдар жаңа киімдерім киіп, көтеріңкі көңіл-күймен бір-бірін құттықтап, думандатып той тойлайды. Бұл дәстүр әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпаған.

Бақытжамал Елеукенова, «Сағым-жылдар» ансамблінің төрайымы

Жыл басы. Біздің қазағымыздың жоғалып, табылған наурызымыз. 1860 жылдан бері қарай 1937-ші жылға дейін болған екен. Содан кейін бұл наурыз түгілі жұрт өзінің жанымен қайғырып, неше түрлі оқиғаларға соқтыққаннан кейін наурызды қойып кеткен екен. Қазақстан егеменді ел болып, қолға алып, осыны бастамалап, жаңалап жатыр.

Өз фольклорымызда "Жануарлардың жыл басына таласуы" деген ертегінің барын білеміз. Тышқан ептілігінің арқасында күнді көріп, "Жыл басы" атанады. Дәл сол күн Жылдың басы деп есептелген екен дейді, кейбір жазбалар. Осы күнді ұлттық мейрам Наурызбен де байланыстырып жатады. Ал, кейбір деректерде Наурыз мерекесі Нұх пайғамбар заманынан пайда болды делінген.

Бақытжамал Елеукенова, «Сағым-жылдар» ансамблінің төрайымы

Ал енді, былай айтады тарихты: Нұх пайғамбардың кемесі тоқтаған кезде, Нұх пайғамбар ішінде қалған дәннен, әркім өзінің қолында қалған дәнін әкеліп, қазанға салып пісіріп, халықты тамақтандырғанда, Аллаһ тағаланың әмірімен сол көже бүкіл елге жеткен екен, дейді.  Сөйтіп барып мұның атын күн мен түн теңелді бүгінгі күні деп, «Наурыз көже» аталып кеткен екен.

Тарихы тас дәуірінен басталса да, ең бастысы бұл мейрамның достықтың, жаңарудың мерекесі екені баршаға мәлім. Сондықтан, алдағы уақыттарда ERTIS телеарнасының жаңалықтар топтамасынан наурызға қатысты қызықты деректерді ұсынатын боламыз!

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЛЕНИН КЕНТІНІҢ БАЛҒЫНДАРЫ НАУРЫЗ ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ
20:46, 19 наурыз 2019
ЛЕНИН КЕНТІНІҢ БАЛҒЫНДАРЫ НАУРЫЗ ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар