ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

МУЗЕЙДЕГІ СЫРЛАСУ

18:47, 12 қыркүйек 2019

Бұқар Жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде «Музейлер шеруі» атты жалпы республикалық акция ұйымдастырылды. Шараның өтуіне ҚР Ұлттық мұражайы жолдаған эстафета мұрындық болып отыр. Науқан аясында қала тұрғындары мен қонақтары түнгі уақытта көне жәдігерлермен танысып, тарихына терең бойлауға мүмкіндік алды.

Музей – кеше мен бүгінді байланыстырушы күшке ие. Тарихымызды тарамдап, тамырымызды танытатын ұлттық құндылығымыз. Мұндай киелі ордаға жайшылықта адам аз баратындығы жасырын емес. Бірақ бұл жолы аталмыш науқан аясында келушілер қарасы көп болды. «Музейдегі сырласу» шарасының түнгі уақытта өткізілуінің өзіндік сыры бар.

Ернұр Дәуенов, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер ісі басқармасының басшысы:

Бұқар Жырау атындағы әдебиет және өнер музейі өзінің көрмесін дайындап отыр арнайы. Бұл шеру облысымыздың барлық музейлерінде өтетін болады. Бүгінгі таңда республиканың барлық аймақтарында өтіп жатыр.

Бұл жерде қонақтар назарына құнды жәдігерлер ұсынылып отыр. Кешегі Шәкен Аймановтың киген бөркі, Қалмұқан Исабаевтың күртесі және Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожақ» романының түп нұсқасы науқанның басты реквизитіне айналған. Мұндай тарихи жәдігерлерді жастар санасына сіңіру алдыңғы аға буынға міндет болмақ.

Ғалымбек Жұматов, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі:

Еліміздегі мұражайлардың бірімен бірінің байланысы осы бір шараның келбетінен көрінеді. Бұл жерде біздің еліміздің тарихы ғана емес, жалпы біздің халқымыздың үлкен тарихи тұлғалардың халықпен кеңірек таныстыруға мүмкіндіктер жасалып жатқаны үлкен бір шара.

Музей қызметкерлерінің тосын сыйы осымен біткен жоқ. Келген қонақтар бір-бірімен еркін сөйлесу мақсатында ашық алаң да ұйымдастырылды. Бұл жерде жастар өлең оқып, күміс көмек әншілер ән шашуын арнады.

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші:

 «Музейдегі сырласу» акциясы аясында ұйымдастырылып отырған тағы бір ерешелік бұл жердегі жастар залының ашылуы. Бұл аталмыш залдың екінші кезеңі болып отыр. Бұл жерде өңірімізге белгілі белсенді жастардың жалынды жырлары мен жеке заттары, сонымен қатар, марапаттары қойылған. Аталмыш жыл асында ұйымдастырылып отырған жағымды жаңалықтардың тағы бір легі осындай.

Әдебиет және өнер ордасының мамандары Ұлттық музей табыстаған жалпыреспубликалық эстафетаны Баянауыл ауданындағы Қ.Сәтпаев атындағы мемориалды мұражайға жолдады. Кеш соңында қонақтар арнайы жайылған дастарханнан дәм татып, естелікке суретке түсті.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...