ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

«МОБИЛЬДІ» ПОЭЗИЯ ЖОБАСЫ

12:07, 31 наурыз 2020

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі еріктілер жылы аясында «Мобильді поэзия» жобасын іске қосты. Бастаманың негізгі мақсаты, жастардың және тұрғындардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру. Сондай-ақ, қазіргі төтенше жағдайда үйде отырып уақытты тиімді пайдалану.

«Мобильді поэзия» жобасына қатысушылардың бірі Дамира Түсіпбекова. Ол №25 мектептің 11-сыныбында оқиды. Өлең оқығаннан бөлек, жыр жазғанды да жақсы көреді. Әлеуметтік желілерде ұйымдастырылып жатқан жобаға өзінің қаламынан туған туындысын жолдаған.

Дамира Түсіпбекова, 11-сынып оқушысы:

Жоба туралы мен әлеуметтік желідегі фейсбук парақшасынан естідім. Жалпы қазіргі елімізде болып жатқан жағдайларға байланысты үйде отырғанша осы жобаны қолдап, барлық өз сыныптастарымды және де басқа да балаларды осы жобаға шақырамын. Және де өз үлесімізді қосайық.

Жобаға қатысушылардың жас ерекшелігінде шектеу жоқ. Бар болғаны ұялы телефонға түсірілген бейне жазбаны ұйымдастырушыларға жіберсе болғаны. Негізінен бұл еріктілер жылы аясында ұйымдастырылған бастама.

Досжан Мұратбек, Бұқар Жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің қызметкері:

Бұл тек бір ғана жоба емес, еріктілерді жұмылдыруда біз үш негізгі жобаны қолға алдық. Оның негізгісі осы «Мобильді поэзия». Және де ерікті экскурсоводтарды дайындау, және де еріктілермен жәдігерлер жинау жобасы болып табылады. Бұл жобалар күн жылына келе өзінің жалғасын табатын болады. Қазіргі таңда осы старт берген мобильді поэзия жобамызды қолға алып жатырмыз.

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші:

Әлемді әбігерге салған соңғы ақпараттарға сәйкес, қазіргі таңда өңіріміздің рухани ордасына айналған Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі уақытша өзінің қызметін тоқтатып тұр. Бірақ, бұл келушілерге тосқауыл емес, әрине. Егер музейге келіп тамашалаймыз десеңіздер онлайн қосымша арқылы тамашалауға болады.

Бұл онлайн қосымша 3д тур деп аталады. Яғни, сайтқа кіріп, музейді онлайн режимде аралауға мүмкіндік мол. Бірақ, төтенше жағдай уақыты аяқталған соң аталмыш мекеме қызметіне білек сыбана кіріспек. Бұдан бөлек естеріңізге сала кетейік, қазіргі жағдайға байланысты үйде отырып уақытты тиімді өткізуге қатысты көптеген қызықты ақпараттарды «БАЛАПАН» арнасынан да тамашалай аласыздар.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
16:25, 22 мамыр 2020
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
10:23, 25 мамыр 2020
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
Толығырақ...
АУЫЛ ҰСТАЗДАРЫНА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРЕДІ
10:36, 28 мамыр 2020
АУЫЛ ҰСТАЗДАРЫНА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...