ШҰҒЫЛ! «МАЙДАН ЖОЛЫ» ЖАСАҒЫ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ Толығырақ

МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ

19:27, 15 мамыр 2019

Бүгін халықаралық отбасы күні. Осыған орай облыстық «Достық» концерт залында «Мерейлі отбасы» облыстық сайыс болып өтті. Жеңімпаз атанған жанұя республикалық сайысына жолдама алып, аймақ намысын қорғайтын болады.

Павлодар ауданы Новоямышева ауылының 42 жастағы тұрғыны Дархан Мұхамедияров «Мерейлі отбасы» сайысында аудандық деңгейде өткен жарыста жеңімпаз атанып, аймақтық кезеңге өтті. Мұхамедияровтар әулеті 3 ұл,3 қыз  тәрбиелеп отырған өнегелі отбасы. Жұбайы екеуі бірге ауыл мектебінде мұғалім болып еңбек етеді. Бос уақыттарында сырнай ойнап, домбыра тартады. Спортпен де шұғылданады. Отағасының айтуынша өскелең ұрпаққа рухани тұрғыда тәрбие беру ең басты қағида.  
 

Дархан Мұхамедияров, «Мерейлі отбасы» сайысының қатысушысы:
Енді бүгінгі «Мерейлі отбасы» қатысып отырған себебі болашақ ұрпағымыздың бойына әрбір қазақи, ұлттық құндылықтарды,  ислам дінінің міндеттерінің парыздары сол секілді. Ата-бабамыздың келе жатқан салт дәстүрлерімізді  дәріптеу болып саналады. Осындай «Мерейлі отбасы» жиі өткізіліп отырса дейміз. Яғни бұл ұрпаққа келешек ұрпаққа  тигізетін пайдасы да көмегі мол деп ойлаймын.   

Сайыстың облыстық кезеңі 2 сайыстан тұрды. Бірінші сәлемдесу, екіншісі көрме ұйымдастыру. Көрмеде қатысушылар өз қолдарымен жасаған бұйымдарын көрсетті. Бір айта кетерлігі іріктеу кезеңіне өңіріміздің  10 ауданнан және 3 шаһарынан  командалар қатысты. Жалпы, шаңырақ шаттығы мен ұлттық тәрбиені ұлықтайтын бұл байқаудың маңызы ерекше.
 

Бақытжамал Максилова, әділқазылар алқасының мүшесі:
Біз көп балалы аналарға қарап жүрміз. Кейбір отбасылар  2-3 бала болып  шығып жүр. Қазір көпбалалы аналар өзідерінің бүкіл ата-аналарымен, ата-әжелерімеменен үлкен отбасы болып шығып жүр. Соған қарап отырмыз. Барлық күшімізді салып, балдарын түзу береміз деп ойлаймын. Себебі отбасыларға қиын бұл сайыс. Сайыста әсіресе кішкентай баласынан үлкен ата-әжелеріне дейін қатысып отыр. Ол   жақсы үлгі, өнеге.

Елімізде 2012 жылдан бері тойланып жатқан бұл игілікті  байқаудың берері мол. Себебі отбасы- береке бірліктің басты кілті, қайнар көзі.  Шаңырақта  ауызбірлік пен ынтымақ болса отбасының мерейі өсіп, мәртебесі биік болады. 
 

Әйгерім ТОҚПАНҚЫЗЫ



 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар