ШҰҒЫЛ! БІР АДАМҒА ЕКІ РЕТ ЖҮРЕК САЛЫНДЫ Толығырақ

«МEN QAZAQPYN» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

10:56, 8 маусым 2018

«Мен қазақпын» мега жобасының аймағымыздағы іріктеу кезеңі өз мәресіне жақындады. Ұлт мұрасын ұлықтаған байқаудың финалдық бөлігі «Ертіс променад» жобасының аясында қорытындыланбақ. Ал жеңіске жеткен өнерпаздар республикалық кезеңде бақтарын сынауға мүмкіндік алады. Толығырақ тілшіміз баяндайды.

Ұлттық өнерімізді ұлықтаған «Мен қазақпын» мега жобасы биыл да өз жалғасын тапты. Дүбірлі доданың іріктеу кезеңі аудан-ауылдардан бастау алып, дараланған өнерпаздар таңдалып алынды. Іріктеу кезеңге әр аудан мен қаладан 60-тан астам әнші-күйшілер, термешілер қатысты. Байқауға қатысушылардың өнеріне білікті мамандардан құралған қазылар алқасы төрелік етті.    

МЕЙРАМ БЕГЕНТАЕВ, Павлодар облысы әкімінің орынбасары

«Мен қазақпын» республикалық мега жобасы «Қазақстан» ұлттық телеарнасының қолға алған бірегей жобасы. Халықаралық байқауға былтыр Қазақстаннан ғана емес, алыс-жақын шетелден келген өнерпаздар қатысты. Биылғы жылы да айтуылы жоба кең ауқымда өткізіледі деп жоспарланған.

ГҮЛНӘШ ӘБІШЕВА, «Ертіс» телеарнасының директоры

Жобаның аймағымыздағы іріктеу кезеңі аяқталды. Финал Орталық жағалауда өтетін «Ертіс променад» жобасының аясында ұйымдастырылады.

Қуандық ТАНАБАС

Павлодар жаңалықтары, Павлодардағы оқиғалар, Павлодар қаласының соңғы жаңалықтары

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҰЛЫ ДАЛА»  ЭТНОФЕСТИВАЛІНЕ ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАЛАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ КЕЛДІ
20:27, 6 тамыз 2018
«ҰЛЫ ДАЛА» ЭТНОФЕСТИВАЛІНЕ ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАЛАРЫНЫҢ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«SMART-PAVLODAR» ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚОСЫМШАСЫНДА «ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ» БӨЛІМІ ПАЙДА БОЛДЫ
19:52, 10 тамыз 2018
«SMART-PAVLODAR» ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚОСЫМШАСЫНДА «ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ...
Толығырақ...
«ЕКІ ҒАСЫР – ЕКІ ТҰЛҒА» АТТЫ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ
21:03, 10 тамыз 2018
«ЕКІ ҒАСЫР – ЕКІ ТҰЛҒА» АТТЫ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ
Толығырақ...
«ПАВЛОДАРДА БІР АЙДА ЖАҢА ИПОТЕКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША НЕБӘРІ 5 ӨТІНІШ КЕЛІП ТҮСКЕН»
19:25, 10 тамыз 2018
«ПАВЛОДАРДА БІР АЙДА ЖАҢА ИПОТЕКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША НЕБӘ...
Толығырақ...