ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАРДА ДА «MEN QAZAQPYN» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕГАЖОБАСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«MEN QAZAQPYN» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АҚСУДАН БАСТАЛДЫ

20:29, 15 мамыр 2018

Ұлттық рухқа рең беретін «Мен Қазақпын» мегажобасының іріктеуі Ақсу қаласында өтті. Жүзден жүйрік мыңнан тұлпарды анықтайтын байқауда 7 өнерпаз бақ сынасты. Олар дәстүрлі ән терме-күйлерден сынға түсті. Өнерпаздардың өнеріне тілшіміз тәнті болып қайтты.

Ақсу қаласындағы іріктеу кезең Сәбит Дөнентаев атындағы мәдениет сарайында өтті. Күйдің күмбірін, әннің дүлдүлін танытатын жобаға  қатысушылар елге етене таныс, көптің көңілінен шыққан туындыларды алып келген.
СНХР: РАСУЛ ТЕМЕШ – «Мен қазақпын» жобасының қатысушысы

Бүгін міне Құрманғазы бабамыздың  «Балбырауын » күйін алдым.Өзіме қатты ұнайды. Әсерлі халыққа жағымды деген сеніммен таңдаған себебім бар. Қазір міне Рухани жаңғырумен байланысты мінекей қазақтың қара домбырасын қобыз жетігендерді алып біз жаңғыртайық деген жайдайымыз бар.

Мықтыны анықтайтын өнер додасында қатысушылар  бар өнерін ортаға салды. Қасиетті қара домбырадан  дәстүрлі ән де, күмбірлі күй де,  тартысты терме де  төгілді. Үміткерледің өнерін әділ қазылар алқасы бағалады.
НҰРЗИЯ  ҒАБДУЛЛИНА – Әділ-қазылар алқасының төрайымы
 Ақсу қаласының  жастары біраз  дайындық жасаған екен. Бұл мен қазақпын жобаның аты айтып тұрғандай  мысалы және айтып кеттік гой жастардың арасындада  кездескенде де айтып жатырмыз.Тағыда айтамыз. Ол жоба  мысалы дүниежүзілік жаhандану заманындағы ең бір ұлттарға ұлттың  ұлттығын сақтауға  өтебір үлкен көмегені тигізетін жобалардың бірі .Өйткені Мен қазақпын деп тұрған атының өзі өте бір жоғарғы деңгейге қаны бар қазаққа әсер ететін жоба. 
Талантымен тамсандырып,  ерекеше көзге түскен өнерпаздар келесі  кезеңге жолдама алды. Дәстүрлі әннен Расул Темеш, күйден Самал Темірбекова және термеші Жанболат Абылай облыстық сайыста бағын сынайды.

Ғалия УАХИТОВА

Павлодар жаңалықтары, Павлодардағы оқиғалар, Павлодар қаласының соңғы жаңалықтары, 

Тақырып бойынша материалдар

«МЕН ҚАЗАҚПЫН» МЕГАЖОБАСЫ МАЙ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ
11:13, 17 мамыр 2018
«МЕН ҚАЗАҚПЫН» МЕГАЖОБАСЫ МАЙ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ
Толығырақ...
БҰҚАР ЖЫРАУДЫҢ 350 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА ӨТТІ
18:41, 15 мамыр 2018
БҰҚАР ЖЫРАУДЫҢ 350 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА ӨТТІ
Толығырақ...
МЕГАЖОБАҒА 18 БЕН 40 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ӨНЕРПАЗДАР ҚАТЫСА АЛАДЫ
10:05, 15 мамыр 2018
МЕГАЖОБАҒА 18 БЕН 40 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ӨНЕРПАЗДАР ҚАТЫСА АЛАД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

НҮКЕНОВ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ТҰРҒЫНДАР САУАЛЫНА ЖАУАП БЕРДІ
09:47, 17 мамыр 2018
НҮКЕНОВ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ТҰРҒЫНДАР САУАЛЫНА ЖАУАП БЕРДІ
Толығырақ...
МЕГАЖОБАҒА 18 БЕН 40 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ӨНЕРПАЗДАР ҚАТЫСА АЛАДЫ
10:05, 15 мамыр 2018
МЕГАЖОБАҒА 18 БЕН 40 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ӨНЕРПАЗДАР ҚАТЫСА АЛАД...
Толығырақ...
 «MEN QAZAQPYN» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АҚСУДАН БАСТАЛДЫ
20:29, 15 мамыр 2018
«MEN QAZAQPYN» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АҚСУДАН БАСТАЛД...
Толығырақ...