ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ

16:25, 22 мамыр 2020

Өнер мен мәдениет егіз ұғым. Бүгін мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні. Бұл кәсіби мереке елімізде 2013 жылдан бері аталып келеді. Облыс өнерпаздары биік белестерді бағындырып жүрген жандар. Шығармашылық салаға саналы ғұмырып арнап, қазақтың ұлттық аспаптарын дамытуда өлшеусіз үлес қосып келеді.

Қазақтың көп ішекті, шертпелі адырна аспабын алғаш рет Ертіс-Баян өңіріне әкелген жанның бірі – Сәуле Бекқожина. Шығармашылық салада жүргеніне жиырма жылдан асты. Осы уақыт аралығында түрлі аспаптарды меңгеріп, қаншама шәкірттерге сабақ берген талант иесі. Ал, адырна аспабын ойнап жүргеніне 9 жылдан асыпты. Бұл аспап домбыра, сыбызғы, жетіген аспаптарымен сарындас келеді. Салмағы шамамен 20 келіге жуықтайды. Дегенмен, үні ерекше.

Сәуле Бекқожина, Р. Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің мүшесі:

Жетісу өңіріне негізінен жетіген аспабын іздеп барған едім. Бірінші мен жетігенді әкелдім. Ол кезде жетігенді ешкім білмейтін. Одан кейін адырна аспабын көріп, бірден осы аспапқа ғашық боп, алып келуге тура келді. Дауыс ерекшелігі ұнады біріншіден, тембрі, екіншіден сахнада жақсы көрінеді. Әлі күнге дейін қанша лауазымды халықтың алдында ойнап, естіртіп жүрмін. Таңғалмаған адам қалған жоқ деп ойлаймын.

Елбасы өңірге жұмыс сапарымен келген кезде бұл аспаппен танысып, Сәуле Сағынайқызының өнеріне тәнті болады. Көпшілік біле бермейтін аспапты дамытып, шәкірт тәрбиелеуге кеңес берген.  Облыстық, республикалық байқауларға қатысып, адырна аспабын дәріптеп жүрген өнерпаз адырнаның кең көлемде дәріптелтініне сенеді. Себебі, филормонияда оркестрге қосу жоспарланған. Жалпы, өңірдің шығармашылық саласы қарқынды дамуда. Елдегі пандемияға байланысты мерекелік іс-шаралар дүркіреп өткізілмейді. Десе де, мәдениет саласында еңбек етіп жатқан қызметкерлер бүгін әлеуметтік желі арқылы бір-бірін құттықтады.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
11:17, 12 тамыз 2020
КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
Толығырақ...