Кеңес әскерінің Ауған шекарасынан шығарылғанына 28 жыл толуына орай салтанатты шара өтті

17:30, 15 ақпан 2017

Кеңес әскерінің Ауған шекарасынан шығарылғанына 28 жыл толуына орай Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында салтанатты шара өтті. Оның барысында бірқатар ардагерлермен, осы ұйымның жұмысына атсалысып жүрген азаматтарға марапаттар берілді. Шара кезінде соғыс жылдарындағы әндер орындалып, театрландырылған көріністер қойылды.

Он жылға созылған Ауған соғысына Қазақстаннан 22 мың сарбаз аттанды. Олардың  924-і ерлікпен қаза тауып, 20-сы хабарсыз кетті. Шара барысында опат болған сарбаздардың ерлігі жайлы айтылып, ардагерлер естеліктерімен бөлісті. Олар аталмыш шараның мақсаты- отан үшін отқа түсіп қыршынан қиылған, жат жерде көз жұмған қандас, қарулас азаматтарымызды еске алып, жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі – өнеге беру дейді.

Жиында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев ардагерлерді құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады. Концерт барысында жиналғандар соғыс жылдарындағы әндерді қосыла шырқап, бір сәт кешегі кездерді еске түсіргендей болды. 

Тақырып бойынша материалдар

«Қазақфильм» киностудиясы қалың көрерменге 2018 жылы 18 көркем фильм ұсыбақ
18:52, 4 қаңтар 2018
«Қазақфильм» киностудиясы қалың көрерменге 2018 жылы 18 көрк...
Толығырақ...
Павлодарда «Әнім шарықта» музыкалық жүлдесі табысталды
12:14, 23 қараша 2017
Павлодарда «Әнім шарықта» музыкалық жүлдесі табысталды
Толығырақ...
Павлодар қаласында қазақ халқының біртуар тұлғасыі Балуан Шолақ туралы көркем фильм түсірілуде
15:25, 20 шілде 2017
Павлодар қаласында қазақ халқының біртуар тұлғасыі Балуан Шо...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Дүкендерді сапасыз көкөніс өнімдері жайлаған
14:16, 12 ақпан 2018
Дүкендерді сапасыз көкөніс өнімдері жайлаған
Толығырақ...