ШҰҒЫЛ! «МАЙДАН ЖОЛЫ» ЖАСАҒЫ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ Толығырақ

Ғ. МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫ ПАВЛОДАРДА

15:31, 19 сәуір 2019

73 жылдық тарихы бар өнер ордасы – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының біздегі гастролдік сапары жалғасуда.

Кеше өнер ұжымының басшылығы сапарлары туралы баспасөз мәслихатын өткізді. Толығырақ тілшіміз тарқатады. Павлодарға төрт күндік іс сапармен келген Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры облыс жұртшылығын өз туындыларымен сусындатуда. Өнерді бағалай білетін Ертіс-Баян өңірінің еліне айтар алғыстары бар.  

Азамат Сатыбалды, Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының директоры

Бұл бір киелі өңір, бабаларымыздың маңдай тері тмаған, өзінің тарихы бар, өзінің дәстүрі бар, өзінің халқы бар, өзінің көрермені бар, өзінің бағыт-бағдары бар керемет өңір. Бұл жерге келу, бұл жердің көрерменімен қауышу біз үшін үлкен мәртебе, үлкен рахмет деп айтамын көрермендерімізге. Шынайы көрермендерімізге, таза көрермендерімізге.Қашанда келіп, қолдап жүрген, көріп жүрген, сәттілік тіледім.

Алматылық өнерпаздар, БАҚ өкілдері мен шаһарымыздың жалынды жастарымен кездесіп, қызықтырған сауалдарына жауап берді. Театр әртістерінің құрамында Естай Беркімбайұлының ұрпағы Динара Әбікеева бар. Жерлесіміз сұхбат барысында туған жеріне деген ыстық ықыласын білдірді.

Динара Әбікеева, Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының әртісі

Әрине туған жеріме келгеннен кейін, абыройым қатты көтеріліп, мақтан тұтып кеше жақсы өткеніне. Әлі де жүрегім лүпілдеп тұр, ертен басты рөлді ойнаймын, ойлаймын жақсы өтеді деп.

Кездесу «Ұмытындар оны...»  атты трагикомедиямен жалғасты. Павлодарлық өнерсүйер қауым туындыны жоғары бағалады.

 

Мөлдір САҒИДОЛЛА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар