ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ERTIS PROMENADE ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСАДЫ

10:20, 7 ақпан 2020

Ertis Promenade жобасы биыл жазда да жалғасады. Әйтсе де, бұған дейінгі жылдардағыдай әр демалыс күндері концерт болмайды. Ала жаздай небәрі жеті концертпен шектеледі. Оның өзінде тек мерекелік даталарға арналатын болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, басы артық іс шаралар өткізіп, қазынадағы қаражатты есепсіз шашуға тыйым салған. Президенттің тапсырмасына орай, биыл біздің өңірде де кейбір шараларға шектеу қойылды. Оның ішінде Ertis Promenade жобасы да бар. Жоба мүлде жабылып қалмайды. Тек, өткізілетін концерттердің саны қысқарады. Мәселен, былтыр жаз бойы Ertis Promenade сахнасында демалыс күндері 14 концерт өткен болса, биыл ол тең жартыға қысқарады.

Ернұр Дәуенов, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы:

Бірінші маусым Балалар күнін қорғауға байланысты, Елорда күнін тойлау 6-шілдеге байланысты, қала күнін мерекелеуге байланысты 25-шілді, сосын 8-тамыз Абай Құнанбай мерейтойын мерекелеуге байланысты, 15-тамыз жастар күнін мерекелеуге байланысты және Конституцияның 25 жылдығына орай 30 тамызда. Яғни, негізгі даталарға байланысты.

Десе де, бұл әзірге жоспар. Алдағы уақытта мәдениет басқармасы облыс әкімінің алдында жұмыс жоспарларын қорғайтын болады. Сол кезде нақтылап бекітіледі, дейді. Еске сала кетсек, 2018 жылы орталық жағажайда қаланың басты сахнасының тұсауы кесілген. Жаңа сахнада жаз бойы демалыс күндері отандық және шетелдік эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп келді.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар