ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

ERTIS PROMENADE 50 000 КӨРЕРМЕНГЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

10:07, 13 тамыз 2019

Өткен сенбіде «Ертіс Променад» сахнасында кезекті рет Ресей мен Қазақстан жұлдыздары өнер көрсетті. Бүл шараның өтуіне бірнеше себеп болды.

Апта сайынғы музыка фестивалі әдеттегідей басталмады.   Жиналған жұрт қатерлі ісіктен қайтыс болған адамдарды еске алды. Аталмыш шара - осы дерттің алдын алуына - негіз. Басты мақсат - адамдардың уақытылы ем қабылдауына бағытталған. Павлодарлық хоспис қызметкерлері аспанға ақ көгершіндерді ұшырды. Бұл үміт пен алға деген ұмтылыстың белгісі. Павлодар облыстық филармониясы мен «Шаңырақ» орталығының әртістері жағалауға жиналған көптеген павлодарлықтардың назарын аударды. Концерттік бағдарлама FM қыздар тобының өнер көрсетуімен жалғасты. Әнші жұлдыздар жұртшылықты құрылысшылар мерекесімен де  құттықтады. Кештің көркін аты аңызға айналған қазақстандық МузАрт тобы және танымал ресейлік орындаушы Доминик Джокер қыздыра түсті. Қаланың басты алаңына жиналғандар саны 50 мыңнан асады.  Бұл осы маусымдағы барлық концерттердің үлкен нәтижесі. Дәстүр бойынша қала тұрғындары мен қонақтар төрт сағатқа созылған концертте дауыстарын шығарып, ән айтып, би биледі. Әр қазақстандықтың жанына жақын «Көзімнің қарасы» Абайдың 175 жылдығына арналған өлмес туындысын МузАрт тобы әншілерінің  мыңдаған адамдармен бірге орындауы – шараның басты маңызды бөлігіне айналғандай.  Бұл сәтті сөзбен жеткізу мүмкін емес.

 

Аяулым РАХИМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...