ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ЕРТЕ ОЯНДЫМ, ОЙЛАНДЫМ...

10:52, 13 наурыз 2020

Ұлы Абайдың 175-жылдығына орай Павлодардағы Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театры «Ерте ояндым, ойландым» атты спектакльді көрерменге ұсынды. Премьера ақынның жастық шағын суреттейді.

Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясына негізделген «Ерте ояндым, ойландым» қойылымы күні кеше қалың жұртшылыққа жол тартты. Туындыны тамашалауға өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов та келді. Жалпы, спектакльді 30-ға жуық әртістер сахналады. Қойылымның негізгі сахнасы – Қарашоқы. Жас Абайдың санасына сілкініс салған да осы жердегі оқиға.  Қамсыз қазақтың қараңғы әрекеті жас Абайды ерте есейтті. Көрермен сахнадан Құнанбай, Зере, Ұлжан, Сүйіндік сынды кесек образдарды көруге мүмкіндік алды.

Рауза Тәжібаева, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Абайдың әжесі Зеренің рөлін сомдаушы:

Енді бұл спектакльге кіріскен кезде Абай атамыздың аруағы қолдады ма ешқандай қиыншылық болған жоқ. Жастарымыз бар, орта буын бар осы жақсылап  рөлге дайындалып әрқайсымыз, қуанышпен қуанып жүріп қойдық бұл спектакльді. Сол өзімнің әжелік ішкі махаббатымды беріп Абайға тырыстым.

Абай қазақты бірде сынап, бір қолдаған тұлға. Қанымызға сіңген қасиеттерді бір даттап, бір жақтап алатын. Өмір бойы қоғаммен тартысып, оны ақыры түсінбей кетті.

Әділет Ақанов, Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының бас режиссері:

Жалпы бұл қойылымда Абай мен қоғамның тартысы. Абай мен сол кездегі қоғамды түсінбеуі, Абайдың дүниетанымына бір серпіліс келу жас Абайдың. Сол кезде Қодар мен Қамқаның сахнасы түрткі болады. Мұхтар Әуезовтің өзі де айтады ғой, осы абай жолының» ең негізгі  сахналарының бірі ол Қодар мен Қамқа сахнасы.

«Ерте ояндым, ойландым» премьерасының алғашқы күнінде зал лық толы болды. Көрермендердің қошеметі, ыстық ықыласынан спектакльдің көрермен көңілінен шыққанын байқауға болады.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
16:25, 22 мамыр 2020
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...