ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАРДАҒЫ САРЫАРҚА МӨЛТЕК АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ Толығырақ

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНА 61 ЖЫЛ

10:46, 19 маусым 2018

Кеншілер қаласына 61 жыл! Екібастұздықтар төл мерекелерін атап өтті. Тұрғындар жыл сайын дүбірлі думанмен мерекелейтін айтулы күнді биыл да үлкен дайындықпен қарсы алды. Қаланың мерейтойында былтыр ерекше рекорд орнатқан көпшілік дүйім жұртты таяуда тағы да таң қалдырды. Рымбек Қабиден сән-салтанаттың ортасынан!

Рымбек ҚАБИДЕН, тілші

Туған қаланың 61 жылдығына екібастұздықтар түрлі сый-сыяпаттарын арнады. Ең ерекшелері елордамыздың мерейтойына орайластырылып отыр. Солардың бірегейі – 5500 суретпен алаңға иық тіресіп «АСТАНА-20 ЖЫЛ» жазуын құраған (жасөспірімдердің – ошибка, надо вырезать) флешмоб акциясы. Әлемдік рекорд бүгін сахына төрінде көрсетілді.

Қиял мен қылқаламға ерік беріп, теңдесі жоқ шараға қатысқандардың қатарында жасөспірімдер, ұстаздар, медицина қызметкерлері, кеншілер және өзге де қала тұрғындары бар. Мыңдаған бояу – әсем бейнеге әуесі ауғандардың туындысы. Ал, «Өнер» ордасындағы мына көрме - «Рухани жаңғыру» тақырыбына арнаған жергілікті көркемсурет мектебі шәкірттерінің тартуы. Шабыты шалқар ұрпақтың бақытты бүгіні – бірінші кезекте, кеншілер еңбегінің жемісі.

БОЛАТ БАҚАУОВ, Павлодар облысының әкімі

Бүгінгі күні қала көркімен барша екібастұздықтар мақтанады. Көмір мен энергетика алыбына айналған Екібастұз өңірі нағыз еңбек адамдары деп білемін. Сондықтан да, Екібастұз қаласы одан әрі өркендеп, гүлдене түсеріне мен кәміл сенемін. 

«Облыс алдындағы еңбегі үшін!» Мерекелік салтанатта арнайы төсбелгі Манат Төлеубекұлына табысталды. Ондаған жылдар экскаватор машинисті болған 81 ардагер-кенші әлі тың. Тонналап көмір артқан, теңбіл доп теуіп ойқастаған қайран жастығын еске алады. Ізгі жолын қазір ұлы жалғастыруда.

МАНАТ СЫЗДЫҚОВ, көмір өнеркәсібінің ардагері

Мен келгенде Екібастұз ең бары ішінде 18-20-ақ мы халқы бар кішкентай ғана ауыл, поселок еді. Ылғи барақ болатын. Көшелері саз, мына мен өзі футбол ойнадым 17 жыл осында, содан ана стадион ылғи тас, қазіргінің жанында салыстыруға да болмайды. 

Жылу мен жарықты ғана емес, елге елеулі тұлғаларды сыйлаған Екібастұзға бергісі – қазақ эстрадасынан, арғысы – Франциядан әншілер келді. Бағы бес елі кеншілердің бүгінгі мерекелік қуанышы әлі еселей түспек. Биыл мұнда 500 отбасы баспаналы болады. 

 

Рымбек ҚАБИДЕН

Тақырып бойынша материалдар

СҰЛТАНМАМЕТ СҰЛТАНҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
17:42, 12 желтоқсан 2018
СҰЛТАНМАМЕТ СҰЛТАНҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ...
Толығырақ...
ЕЛ ІШІ – ӨНЕР КЕНІШІ» АТТЫ ІС-ШАРА
17:27, 10 желтоқсан 2018
ЕЛ ІШІ – ӨНЕР КЕНІШІ» АТТЫ ІС-ШАРА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
18:15, 11 желтоқсан 2018
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАССЕЙН АШЫЛДЫ
12:29, 13 желтоқсан 2018
ПАВЛОДАРДА ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАССЕЙН АШЫЛДЫ
Толығырақ...