ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ДӘСТҮРЛІ ӘНДЕР ФЕСТИВАЛІ

12:51, 6 желтоқсан 2019

Ертіс-Баян өңірінде тұңғыш рет дәстүрлі әндер фестивалі өтті. Республикалық шараға еліміздің көптеген аймақтарынан ұлттық өнерді мирас еткен оғландар мен түрлі жарыста озғандар келді. Дәстүрлі әндер фестивалін ұйымдастыруға Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы арқау болды.

Қазақ әні – қазақ жанының ғасырлар көшінде шаң баспаған сырлы айнасы. Халық рухының ықылымнан тіл қатқан тірі куәгері. Әр әннің өзіндік тарихы бар. Дәстүрлі әндер – өткен күннің өшпес мұрасына айналған асыл қазынамыз. Қазақстанның әр түкпірінен келген 12 өнерпаз бір киіз үйдің астына жиналып, әсем ән мен тәтті күйден шашу шашты.

Сыр елінің сүлейі Марат Сүгірбай, Қорқыт бабасының қобызын кеудесіне қыса ұстап,  Омар мен Тұрмағамбеттің жырларын төгілтті.

Марат Сүгірбай,  дәстүрлі әнш (Қызылорда қаласы):

Шәкәрім атамыз айтады ғой, бұл ән бұрыңғы әннен өзгерек дегендей. Павлодар облысы, Успен ауданныда өтуі, бұл бұрыңғы шаралардан шоқтығы биік, өзгешелеу шара, дәстүрлі ұлттық өнерімізді, ата-мұрамызды, рухани құндылықтарымзды насихаттайтын, осындай үлкен шарада кездесіп отырғанмызға, ағайынның қошеметіне бөленіп отырғанымызға мақтаныш, қуаныш көреміз.

Қазақ елі ықылым заманнан өнерді құрмет тұтқан. Ән, жыр, арнаулар арқылы талай сұрақтың жауабы шешілген. Бүгінде бұл салт бұзылмаған. Ғасырларды арқалаған дәстүрлі әндер, тарих толқынымен бүгінгі ұрпаққа жеткен. Фестивалге келген дәстүрлі әншілер өз өңірлерінің мақамын салып, халықтың қошеметіне бөленді.

Медет Тауасқан, аудандық мәдениет тілдіерді дамыту, спорт бөлімінің басшысы:

Жалпы, қазақ даласында төрт мектеп бар десек, соны бүгінгі фестивалге бар мектептің ауқымын сыйғызғымыз келді. Ол батыстың мектебі, сыр мектебі, сырдан әр қарай шекаралас жатқаг өзбек ағайындар, қазақтың мақамы, шығыстың мектебі. Жетісудің өзіндік қазақтың мектебі.

Атап өтерлігі, мәдени шараға Алматы, Қызылорда, Көкшетау, Маңғыстау және Ертіс-Баян өңірінің өнерпаздары қатысты. Сонымен қатар, бұл күні Майлықожаның термесі төгіліп, жезтаңдай Майра әні қалықтады. Ұлттық өнерді ұлықтаушылар дәстүрлі әндер фестивалін жыл сайын өткізіп тұруға уағдаласты.

 

Мөлдір САҒИДОЛЛА

Тақырып бойынша материалдар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
11:17, 12 тамыз 2020
КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
Толығырақ...