ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАРДА ДА «MEN QAZAQPYN» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕГАЖОБАСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

БҰҚАР ЖЫРАУДЫҢ 350 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА ӨТТІ

18:41, 15 мамыр 2018

Биыл қазақ тарихында ерекше орын алатын көрнекті тұлға, Абылай ханның кеңесшісі болған мемлекет қайраткері Бұқар жырау Қалқаманұлының туғанына 350 жыл толып отыр. От ауыз, орақ тілді кемеңгер тұлғаның мерейтойы ел көлемінде атап өтілмек. Павлодарда осы орайда жергілікті зерттеуші, ғалымдардың бас қосуымен ғылыми практикалық конференция ұйымдастырылды. Толығырақ тілшіміз тарқатады.

Қазақ ауыз әдебиетінің жарқын өкілі, Бұқар жырау Қалқаманұлы 1668 жылы қазіргі Баянауыл жерінде дүниеге келген. Халыққа ортақ тұлғаның 350 жылдығына деген әзірлік ел көлемінде жан-жақты жүргізілуде. Бұл бағытта Бұқар Жыраудың есімін иемдеген өңіріміздегі әдебиет және өнер музейі де құр қарап отырған жоқ. Мұражай бастамасымен Павлодарда алғашқы рет көмекей әулиенің мерейтойына орай ғылыми практикалық конференция өткізілді.

Бұқар Жырау Жоңғар шапқыншылығы кезінде ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салды. Абылай ханның ақылшысы болып, алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білді. Қазыбек би, Төле би және Әйтеке бимен бірге Бұқар жырау Қазақстан тарихындағы алғашқы заң жинағы «Жеті жарғыны» құрастыруға қатысқан. Әйгілі қайраткер 113 жыл жасап, 1781-ші жылы дүниеден өткен. 

Ғылыми практикалық конференцияға Айтмұхамет Тұрышев, Айман Зейнулина сияқты ғалымдар қатысып, баяндамалар оқыды. Жиналғандар қазақ елінің  жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет еткеон жырау мерейтойын өңіріміз лайықты деңгейді өткізуі керек деген пікірлер айтты. Ал Бұқар Жырау музейі бұл бағыттағы жұмысқа өз үлесін қоса беруді жалғастырмақ. 

Қуандық ТАНАБАС

Павлодар жаңалықтары, Павлодардағы оқиғалар, Павлодар қаласының соңғы жаңалықтары, 

 

Тақырып бойынша материалдар

«МЕН ҚАЗАҚПЫН» МЕГАЖОБАСЫ МАЙ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ
11:13, 17 мамыр 2018
«МЕН ҚАЗАҚПЫН» МЕГАЖОБАСЫ МАЙ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ
Толығырақ...
 «MEN QAZAQPYN» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АҚСУДАН БАСТАЛДЫ
20:29, 15 мамыр 2018
«MEN QAZAQPYN» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АҚСУДАН БАСТАЛД...
Толығырақ...
МЕГАЖОБАҒА 18 БЕН 40 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ӨНЕРПАЗДАР ҚАТЫСА АЛАДЫ
10:05, 15 мамыр 2018
МЕГАЖОБАҒА 18 БЕН 40 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ӨНЕРПАЗДАР ҚАТЫСА АЛАД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

НҮКЕНОВ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ТҰРҒЫНДАР САУАЛЫНА ЖАУАП БЕРДІ
09:47, 17 мамыр 2018
НҮКЕНОВ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ТҰРҒЫНДАР САУАЛЫНА ЖАУАП БЕРДІ
Толығырақ...
МЕГАЖОБАҒА 18 БЕН 40 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ӨНЕРПАЗДАР ҚАТЫСА АЛАДЫ
10:05, 15 мамыр 2018
МЕГАЖОБАҒА 18 БЕН 40 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ӨНЕРПАЗДАР ҚАТЫСА АЛАД...
Толығырақ...
 «MEN QAZAQPYN» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АҚСУДАН БАСТАЛДЫ
20:29, 15 мамыр 2018
«MEN QAZAQPYN» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АҚСУДАН БАСТАЛД...
Толығырақ...