Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің құрылғанына биыл 25 жыл

15:03, 18 мамыр 2017

Павлодар қаласындағы Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің құрылғанына биыл 25 жыл толып отыр. Мұражай жаңа ашылғанда небәрі 4000 мың жәдігер болса, бүгінде құнды экспонаттар саны 49 мыңнан асып жығылады. Оның ішінде 13071-і түпнұсқа. 25 жылдық мерейтойын атап өтіп отырған музей қызметкерлерін «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы, облыстық мәдениет, құжаттама және архивтер басқармасы және Естай атындағы қалалық мәдениет сарайының өкілдері, сондай-ақ, әдебиет және өнер майталмандары құттықтай келді.

Ағаш сәулет өнерінің ескерткіші болып табылатын бірегей ғимарат, Павлодар қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін 1992 жылы жылы есігін айқара ашқан болатын. Музей қорына көптеген бағалы жәдігерлер жинақталған. Мұнда, әсіресе жерлес ақын-жазушылар: Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Жүсіпбек Аймауытов, Жаяу Муса, Майра Шамсутдинова, Жұмат Шанин, Шәкен Айманов және Иса Байзақов сынды бірегей дарын иелеріне тиесілі әдеби материалдар, қолжазбалары мен жеке заттары мұражайдың баға жетпес құнды қазыналары. 

РОЗА ИГІБАЕВА, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің директоры

Музей қызметкерлерінің ыждаһатты зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Қошке Кемеңгеров, Қадыр Тайшықов, Мұхтар Саматов, Жүсіпбек Аймауытов сияқты қуғын -сүргінге ұшыраған ақын-жазушылардың өмірлерінен соңғы деректер, бағалы құжаттар табылды. Айта кетейік, музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 500-ден аса тарихи танымдық шара өткізілген. Оны 30 мыңнан астам адам тамашалап, тарихи жәдігерлер туралы мол ақпарат алған. Бұл ретте, музей басшысы мен оның қызметкерлерінің ерең еңбегін атап өтпеу мүмкін емес,-дейді қарт ұстаз Зара Қабдышқызы. 

ЗАРА ҚОЖАХМЕТОВА, қарт ұстаз

Музейдің орналасқан үйі ескі сәулет бойынша 1897 жылы салынған.Айшықты оюлармен көмкерілген көрікті ағаш үй. Оның іші шамамен бес жүз шаршы метрдей. Дегенмен көненің аты көне. Мұражай іші аз-кем жөндеу жұмыстарын талап етеді. Бұл ретте, музей қызметкерлері, облыстық бюджеттен бөлінетін қаражат көлемі біраз көбейсе екен деген  тілектерін білдірді. Ал, мұндағы  қызметкерлер қонақтарды әрдайым қуана қарсы алып, қазақ және орыс тілдерінде шолу экскурсиялар мен тақырыптық лекцияларды өткізуге әрдайым дайын. 

 

Тақырып бойынша материалдар

Павлодар қаласында қазақ халқының біртуар тұлғасыі Балуан Шолақ туралы көркем фильм түсірілуде
15:25, 20 шілде 2017
Павлодар қаласында қазақ халқының біртуар тұлғасыі Балуан Шо...
Толығырақ...
Павлодарда мектеп оқушылары арасында «Біздің аула смайлдары» атауымен жайдарман ойындары өтті
14:27, 19 шілде 2017
Павлодарда мектеп оқушылары арасында «Біздің аула смайлдары»...
Толығырақ...
Павлодар қаласында ұстаз есімі ұлықталды
15:29, 18 шілде 2017
Павлодар қаласында ұстаз есімі ұлықталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Шаңырақ» байқауының өңірлік үздіктері марапатталды
19:37, 13 қазан 2017
«Шаңырақ» байқауының өңірлік үздіктері марапатталды
Толығырақ...
Павлодарда 50-ден аса жол айрығы жөндеуді талап етеді
19:18, 13 қазан 2017
Павлодарда 50-ден аса жол айрығы жөндеуді талап етеді
Толығырақ...
ҚР ОСК бақылаушылары қырғызстанға бармайды
19:15, 13 қазан 2017
ҚР ОСК бақылаушылары қырғызстанға бармайды
Толығырақ...