ШҰҒЫЛ! ПАРЛАМЕНТТІК АССАМБЛЕЯНЫҢ 49- ОТЫРЫСЫ АЯҚТАЛДЫ Толығырақ

БАТАГӨЙ БАЛТАБАЙ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

14:53, 18 наурыз 2019

Жуырда Атырауда «Батаменен ел көгерер» атты республикалық байқауы өткен болатын. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен дуалы ауызды ақсақалдар қатысты. Қарттар арасында осал қарсылас болмады. Павлодар облысының намысын қорғаған Балтабай Сыздықов бірінші орынды иеленді.

Ұлттық құндылықты ұлықтау Елбасының «Болашаққа бағдар»: рухани жаңғыру және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында айтылған. Бата беру дәстүрін дәріптеу де осы қүндылықтардың бастауы. Атырау қаласында өткен Батаменен ел көгерер» байқауына еліміздің 17 ақсақал қатысып, бақ сынады. Әр аймақтан келген сөзге шешен қариялар өз өңірлерінің намысын қорғады. Дода 3 кезеңнен тұрды. Қарттарымыз ең алдымен, ұлы тұлғалардың батасымен сахна шымылдығын ашты. Келесі бата қазақтың салт-дәстүрі қатысты болса, ал үшінші кезеңде қоржыннан келген тапсырма бойынша бата берілді. Қарт жүрген жер береке. 74 жастағы Балтабай ақсақал республикалық байқауда бақ сыңап, өңір намысын қорғағанға риза. Ал, ең бастысы Павлодар облысына жеңіспен оралғаны, жүрегіне қуаныш сезімін ұялатады.

 

Мөлдір САҒИДОЛЛА

 

Тақырып бойынша материалдар

Ғ. МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫ ПАВЛОДАРДА
15:31, 19 сәуір 2019
Ғ. МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫ ПАВЛО...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2 АЙДАН СОҢ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ
10:42, 16 сәуір 2019
2 АЙДАН СОҢ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ
Толығырақ...