ШҰҒЫЛ! ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРАТЫН ЖЕДЕЛ ШАРАЛАР Толығырақ

«БАЛА ДАУЫСЫ-2019»

19:39, 15 мамыр 2019

Қазақстанда жыл сайынғы дәстүрлі «Бала дауысы» байқауы 29 – наурызда басталған. Павлодардағы іріктеу кезеңі бүгін Катаев атындағы оқушылар сарайында өтті. Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназияның 12 жастағы оқушысы Шыңғыс Асығатұлы жеңіске жетті.

Байқаудың негізгі мақсаты - музыкалық және шығармашылық дарыны бар балаларды анықтап, оларға қолдау көрсету. Болашақта жас таланттардың қабілеттерін дамытуға көмектесу. Аймағымызда өткен байқауға 50 бала қатысып, бақтарын сынады. Іріктеу кезеңде жас өнерпаздар 3 әннен орындап шықты. Шыңғыс Асығатұлы үздік деп танылып, осы жылдың қазан айының соңында  Алматыда өтетін «Бала дауысы» финалында Павлодар намысын қорғайтын болады.

Шыңғыс Асығатұлы, «Бала дауысы-2019» іріктеу кезеңінің жеңімпазы:

Негізі Үлкен толқу болды. өйткені әр бала осындай үлкен республикалық байқауларда жеңіске жетсе үлкен қуаныш болатын шығар, осы жылғы кастингте жеңіп алғаныма өте қуаныштымын. Негізі шарттары бойынша 3 тілде ән айту керек еді. Ол бірінші қазақша өзімнің авторлық әнім , екінші ән француз тілінде, ал үшіншісі ағылшынша.

Арман Қоңырбаев, әнші:

Шыңғыс лайықты жеңіске. Павлодардың емес, жалпы республика бойынша жеңіске лайықты бала. Өзі жұлдыз ауруымен ауырып қалмаса болды. дайындығы ең мықты болған бала. Ертең сахнада басқа балалармен жарысқан кезде өзін әр түрлі қырдан көрсете алады. Үлкен плюс. Мені таңғалдырған нәрсе ол үш әнді де керемет орындап шықты. Соңғы әнді айтқан кезде бізге бәрі түсінікті болды, жеткілікті болды.

 

Марина САХАРОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:47, 18 шілде 2019
ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...