ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ТЕАТРҒА БАРДЫ

10:18, 14 ақпан 2020

Қара шаңырағымыз Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ-музыкалы драма театры қалың көпшілікке тағы бір мәрте «Венециялық егіздер» спектаклін ұсынды. Бұл күні көрермендердің қатарында өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов та болды.

Италияндық драматург Карло Гальдонидің қаламынан туған туынды Батырбек Шамбековтың режиссерлігімен өткен жылы театр сүйер қауымға таныстырылып, премьерасы болған еді. «Венециялық егіздер»  спектаклі қағытпа қалжың, астарлы әзілдер мен импровизацияға негізделген.

Ерлік Жуасбек, Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы-драма театрының көркемдік жетекшісі: 

Бұл спектакліміздің ерекшелігі  симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен жанды дауыста әндер айтылып, билеп , жалпы халықпен тығыз байланыста жүреді актерларымыз. Спектакльдің басында, ортасында. 

Жалпы спектакльдің өзгешелігі, дельерто стиліндегі қойылым. Оның  тақырыбы - махаббат.  Бұл жанр халықтың әлеуметтік жағдайына баса назар аударады. Бүгінгі кезде қоғам дертіне айналған парақорлықты әшкерелейді. Қойылымды симфониялық оркестрмен қосқанда 30-ға жуық адам сахналады.

Абзал Жақып, Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы-драма театрының  актері:

Бұл жерде екі егіз бауыр. Біреуі Дзанетта, Біреуі Тонина. Екеуінің мінезі екітүрлі, екі жігітті мен сомдаймын. Бір спектакльде екі образды сомдаймын. Әрине қиындыққа соқты. Ол деген менің үш ұйықтасам түсіме кірмейді деп айтады ғой. Енді бойыма сіңіп өзіме өзі қабылданып келе жатыр.

Айта кетерлігі, зал лық толы болды. Көрермендер қатарында өңірдің зиялы қауым өкілдері, шаһар тұрғындары, студенттер, оқушылар болды. Қойылым басталғаннан-ақ көрермендердің жүзіне еріксіз күлкі үйірілді, осыдан-ақ  театр ұжымының жұмысына баға беруге болды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АӘК БОЙЫНША ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ
12:24, 26 наурыз 2020
АӘК БОЙЫНША ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ
Толығырақ...
ЕЛІМІЗДЕ ТАҒЫ БІР АДАМНЫҢ  КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
23:27, 23 наурыз 2020
ЕЛІМІЗДЕ ТАҒЫ БІР АДАМНЫҢ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНЫ БЕЛГІЛІ БО...
Толығырақ...