ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

АБАЙТАНУ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

17:17, 30 қаңтар 2020

Мәдениет тілдерді дамыту және архивтер ісі басқармасы Ұлы Абайды кеңірек насихаттау үшін тың жобаны қолға алды. Лекция-концерт жобасын жүргізу үшін Нұр-Сұлтан қаласынан абайтанушы, алаштанушы, халықаралық рух әдеби сыйлығының иегері Ықылас Ожайұлы арнайы шақыртылды.

Аталмыш шара зиялы қауым өкілдерінің Абайдың өлеңдерінен үзінді оқумен басталды. Лекция-концерт жобасы бірінші болып №35-ші мектепте бастау алды. Лекция-концерт жобасы Абайды өзге қырынан халыққа танытады. Себебі қазіргі таңда жұртшылық болсын, жастар қауымы болсын ақынды әлі күнге дейін толық мәнде тани алмай келеді. Бүгінгі таңда адамзат тек қана оның өлеңдерін, қара сөздерін ғана оқып, білді. Ал, шын мәнінде оның барлық рухани философиясына терең бойлай алған жоқ. Жобаның мақсаты да соңғысына саяды.

Ықылас Ожайұлы, Абайтанушы:

Жалпы менің түсінігімде Абайдың осы жылдың ең қатты насихатталатын жері ол мектеп болу керек деп есептеймін. Мысалы, шауып келген аттан сұрайтын халімізде жоқ ғой, не үшін ат шауып жүргенін білмейді. Мен ойлаймын Абайдың ең бір түсіндіретін рухани вакцина ретінде егілетін жері методикасын жасаса, Абайды нағыз аудиториясы осы мектеп деп ойлаймын.

Нұр-Сұлтан қаласынан осы шараға арнайы шақыртылған, ақын Ықылас Ожайұлының айтуынша, Абай біздің қанымызға кіргенде, жүрегімізге түскенде өміріміз гүлденіп сала береді. Сол үшін бүгінгі келген оқушыларына ақын жайлы барынша түсінікті қылып жеткізуді тырысты.

Аружан Аманжолова, 10 сынып оқушысы:

Менің ойымша, мұндай іс-шаралардың өтіп отыруы өте дұрыс. Себебі, әсіресе қазіргі кезде Абайдың 175 жылдығының қарсаңында Абайды көбірек насихаттау керек деп ойлаймын. Өзіме қойлыған сұрақтарға жауапты осы Абайдың қара сөздерінен іздей алдым.

Осы жоба аясында Ертіс, Аққулы, Май, Ақтоғай аудандары мен Ақсу қаласында жалғасын табады. Шара барысында абайтанушы Ықылас Ожайұлы ақын жайлы лекция оқыса, облыстық филармонияның өнерпаздары Абай шығармаларын орындайды.

 

Аслан ЕРТІСБАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...