ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

АБАЙДЫ ОҚЫ, ТАҢЫРҚА!

18:59, 13 тамыз 2019

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы Аққулы ауданында да атап өтілді. Орталықтағы мәдениет үйінде 17-29 жас аралығындағы жастар арасында облыстық «Абай оқулары» байқауы өтті. Олар ұлы ойшылдың шығармаларын жатқа оқып, көріністерін сахналады.

Облыс жастары Абай шығармаларына әуес екені байқалады. Бұған сайысқа келген қатысушылардың тыңғылықты дайындығы дәлел. Биылғы «Абай оқуларына» облыс аудандары мен қалаларынан 12 қатысушы және Алтай өлкесі, Байғамыт ұлттық орта мектебінің оқушысы қонақ ретінде қатысты. Аталмыш шара аудан төңірегінде жетінші мәрте ұйымдастырылып отыр. 

Айзада Құрманова, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:

Жеті жыл бұрын Абай келіп, Абайдың мүсінін қоюмен шектелмей Ғарифолла ағамыз Абай оқуларын бастаған болатын. Ол үлкен маңызды іс. Әсіресе жастарға. Осы жеті жылдың ішінде қаншама жас Абайды ашып, Абайды таныды. Өздеріне қаншама жақсы әсер алды. Рухани азық алды деп айтуға болады.

Абай шығармаларының өзгеден ерекшелігі - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылғандығы. Сондықтан, жас ерекшелігіне, ұлтына, тілі мен діліне қарамастан, бұл шығармалар бәріне ортақ. Абай оқуларына мектеп оқушыларынан бастап, әр түрлі салада еңбек етіп жүрген мамандар қатысты. Басты шарт – Абай мұрасымен терең таныс болу. Сайыс 2 кезеңнен тұрды. Атап айтқанда, Абайдың шығармасын мәнерлеп, жатқа айтып қана қоймай, мағынасын жүрекпен түсініп, сахнада актерлік шеберлікті таныту қажет болды. Сондай-ақ, қатысушылардың ұлттық нақыштағы киім үлгісі де ескерілді.  Қуантарлығы сол, байқауда бақ сынағандардың арасында ұлы ақынның 100-ден астам шығармасын жатқа білетіндер де бар. Сайысқа 8 жасынан қатысқан Ақтаңберді Олжа Абай әлемі -  мен үшін терең теңіз іспетті, оны оқыған сайын ұлы ақынның ғұлама екендігіне куә боламын дейді.  Қазір ол 17 жаста.

Ақтаңберді олжа, қатысушы:

Осы Абайдың өлеңдерінің шумақтары , ұйқастары барлығы маған өте жақын болып келеді. Сол себепті мен Абай оқуларына қатысамын. Абай оқуларына қатысқанда мен бас жүлде алған кездерім болды. Өлеңдерін оқыған кезде мен өзіме қазақи тәлім-тәрбие алғандай боламын.

Дәстүрлі өткізілетін шарада бас жүлдені Успен ауданынан Ербақ Құрметжан иеленсе, бірінші орынды Ертіс ауданының тумасы Қуанышбек Шарипов алды. Ал Аққулы ауданының намысын қорғаған Айбек Тілеген екінші орынға жайғасты. Сондай-ақ, Павлодар ауданы атынан келген Әйгерім Хауметқали үшінші орынды қанағат тұтті. Барлық жүлделі орын иегерлері мадақтама қазаздары мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Аяулым РАХИМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

«АЙНАЛАЙЫН» ФЕСТИВАЛІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
16:02, 27 қараша 2019
«АЙНАЛАЙЫН» ФЕСТИВАЛІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар