ШҰҒЫЛ! ЖЕТІМ БАЛАЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ Толығырақ

«АБАЙ АУЫЛҒА КЕЛДІ» ЖОБАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

22:48, 11 қаңтар 2019

Өткен жыл соңында «Нұр Отан» партиясының бастамасымен «Абай ауылға келеді» жобасы басталған болатын. Екі айға созылған шара өз мәресіне де жетті. Ж.Аймауытов атындағы мәдениет ошағының қабырғасында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған Абай шығармашылығын дәріптейтін қорытынды кеш өтті.

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиал қызметкерлері, «Жас Отан» жастар қанаты және Абай рөлін сомдаған Даниял Әсенов, өңіріміздің қала аудандарын екі ай бойы аралап шыққан. Осы уақыт аралығында 50 елді мекен тұрғындарына Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттады. Аталмыш жоба «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған.

ДАНИЯЛ ӘСЕНОВ, АБАЙТАНУШЫ

Өзіміздің өңірдің 50 шақты ауылында болдым. Екі айлың ішінде. Солардың бәрін аралап, сол жерде Абай сөзін жеткіздім. Енді бүгінгі қойылымымыз ол – үлкен шараның қорытындысы сынды. Бұны өткізіп отырған Нұр Отан партиясы.

Қорытынды кешке жиналғандар да аз емес. Сахнадағы образ дана Абайды қайта тірілткендей күй кешірді.

Рөлді сомдаушы Даниял Әсеновтің түр-тұрпаты, киім киісі, сөйлеу мәнері толығымен кейіпкер табиғатын ашып тұр. Тіпті турне барысында ауыл тұрғындары «Тірі Абайды» көргендей болдық, - деп, пікір білдірген.

САНИРА ЖҮСІПОВА, «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ПОФ ТӨРАЙЫМЫ

Екі айдың ішінде өте көп жайттар болды. Жалпы жастар да балалар да айтады екен, «-апай, апай, біз тірі Абайды көрдік»,- деп. Бұл үлкен жетістіктерге жетеін дәреже деп ойлаймын.

Сондай-ақ, сахналық қойылыммен қоса, Абай әндері де көрермен жүрегіне жол салды.

Алдағы уақытта бұл жобаны республикалық деңгейге шығару жоспарда бар,- дейді ұйымдастырушылар.

Автор: Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ. Таспагер: Дәулет ҚОШҚАРБАЕВ.

Тақырып бойынша материалдар

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» МАҚАЛАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
22:26, 18 қаңтар 2019
«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» МАҚАЛАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
Толығырақ...
СУРЕТШІ Ғ.ҚАРЖАСОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КӨРМЕ ӨТІП ЖАТЫР
14:22, 11 қаңтар 2019
СУРЕТШІ Ғ.ҚАРЖАСОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КӨРМЕ ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚАР ХАНШАЙЫМЫ» ЕРТЕГІСІНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ
19:20, 14 қаңтар 2019
«ҚАР ХАНШАЙЫМЫ» ЕРТЕГІСІНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА «ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҒЫ» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
19:30, 14 қаңтар 2019
ПАВЛОДАРДА «ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҒЫ» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Толығырақ...